РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖАРҚЫН ЖОЛ!

  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Мақалада кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызы зор. Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. 

   Сандық Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты талап меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс жасау. Мақалада көрсетілген орындалу керек міндеттердің бәрі дерлік жастар алдында тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық. Жастардың билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқарудағы әрбір міндеттері маңызды рөл атқарады.
  Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана –тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады. Сондықтан да, Елбасының бағдарламалық мақаласы жастарға арналған деп ойлаймын. Өйткені, болашақ –жастардың қолында. Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жахандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Шалалыққа бармас үшін әрбір қазақстандық жас осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек. Бұл ретте өзімідің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз.

 

Ерманова А.Б.
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы