«Рухани жаңғыру-отбасы дәстүрі»

  «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы саяси реформа мен эко¬номи¬калық жаңғыру үдерістерінің басталғанының кепілі. Жастардың, әсіресе студент жастардың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді, сонымен қатар, олардың рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Рухани жаңғыру әрбір жеке тұлға үшін оның тәрбиесі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухани тамырынан нәр алған құндылықтары мен оның жаһандық өзгерістерді дұрыс бойына сіңіруі».

     Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды.

    Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Отбасылық өмір даналыққа және өркендеуге апаратын бастау болуы керек.

   Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан, оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса, үйде тыныштық болады. Үйде тыныштық болса, мемлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса, әлемде тыныштық болады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген бағдарламаны жүзеге асыру арқылы «Мәңгілік Елдің» болашағын құра аламыз.Әр адамның өмірінде отбасы, оның өзіндік санасының қалыптасуының алғашқы баспалдағы болып табылады. Отбасында баланың қарым-қатынас жасауындағы біліктілігі мен дағдысы жетіліп, оның адамгершілік бейнесі мен кәсіби өзінің орнын өзі табу қабілеті қалыптасады. Отбасы ұлттың, елдің, әлемнің, адамзаттың негізі және сондықтан да отбасында дұрыс қарым-қатынас орната білу қажет.

   Б-21 тобының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-отбасы дәстүрі» атты 9.10.2017ж күні дөңгелек үстел өткізілді.

 

Химия, биология және география кафедрасының 

оқытушысы, магистр Аятов А.С.