«Рухани жаңғыру – болашақтың кепілі»

Егемен еліміздің ертеңіне алаңдаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел қамын еш уақытта назардан тыс қалдырған емес. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы да еліміздің бүгіні мен болашағына деген алаңдаушылығының айқын көрінісі деп білемін. «Рухани жаңғыру» тәуелсіз елдің тамырын кеңге жаюына, іргелі істердің алға бастауына, заман ағысынан кейін қалмай, жаңа дәуір белесін бағындыруға бағытталған ауқымды бағдарлама. Елбасымыздың көздеген межесі әлемдегі дамыған ең мықты 30 елдің қатарына қосылу стратегиясы да осы бағдарлама аясында жүзеге аспақ. Демек, жаңа тарих толқынына қадам басып жатқан жас мемлекетіміз өз мақсат, міндеттеріне батыл қадам басқалы тұр.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын тәуелсіз елімнің азаматшасы ретінде оқи отырып, үлкен әсер алдым. Отанына, еліне, кең байтақ жеріне деген, ұлттық болмысы мен санасына деген алаңдаушылығын тебірене отырып баяндаған елбасымыздың толғанысы мені бірден есейтіп тастағандай. Мақала аясы өте ауқымды,әрбір оқыған адамға сананы жаңғыртарлық ой салатындай. Білімділікке ұмтыла отырып жаңа технологияларды меңгеру, саяси реформа мен экономикалық өсу ретінде де қалыс қалмау керек екендігі де қамтылған. Тарих қойнауының терең тұңғиығына бойлай отырып, айқан болашаққа нық сеніммен батыл қадам жасауға шақырады. Бүгінгінің сенімін, ертеңгі елдің үмітін ақтар, яғни біздер осы бағдарлама аясында көзқарасымызды білдіріп, игі істердің бастауына өз септігімізді тигізгеніміз абзал. Болашақ бүгіннен басталады. Ел жастарға сенеді. Сенім бізді алға жетелейді. Сөзімді қорыта келе айтарым: Еліміздің іргетасы мықты, беделі жоғары, еңсесі биік болып қалануының өзі елбасымыздың сындарлы саясатының нәтижесі екеніне талас жоқ. Олай болса, «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» қашанда жасампаздығымен биік асулардың бастамасы бола бермек.

Педагогика және психология кафедрасы
Педагогика психология мамандығының
IV курс студенті
Мақашова Мақпал Тулегеновна