

Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен-ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбекеңбек тәрбиесімен дене тәрбиесінің заңды байланысына шып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып-білуге, дене жаттығуларын үйрету қағидалары менәдістерін ашып көрсетуге дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әртүрлі формаларын сондай – ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Дене тәрбиесі теориясымен әдістемесі үнемі қоғамдық практика мен біргелікте дамып келеді.
«Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуды тапсырғанын білеміз. Президент əлемдегі ең жақсы 100 оқулықты əр түрлі тілдерден қазақ тіліне аударуға тапсырма берген.
«2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз» деді. Біздің ойымызша, осы 100 оқулық мемлекеттік тіліміздің қолданысын кеңейтетін болашақтың бастамасы болары анық. Бұл алды мен қазақ тілінде білім алудың маңыздылығын айқындап, мемлекеттіктіліміз дің қуаттануына, тереңнен тамыр жаюына мүмкіндік туғызады. Елбасы мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімінде алда атқарылар бірнеше жобалар нақты көрсетіледі: «Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бірғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!
Медет БИСЕНҒАЛИ
Дене мәдениеті және спорт кафедрасының
аға оқытушысы, п.п.г магистрі, АрқМПИ.