Ағылшын тілін меңгеру – заман талабы

Қазіргі таңдағы Елбасымыздың салиқалы саясаттарының бірі де бірегейі бүкіл қазақстандықтардың руxани жаңаруына бағытталған – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» болып отыр. Бәрімізге мәлім, еліміз жаңа бір тариxи кезеңге аяқ басты. Еліміздің даму жолындағы мақсатқа жету үшін Елбасымыз әрдайым өзінің бағдарламаларын xалыққа ұсынады. Солардың бірі үш тілділік және білім мәселесі. Бүгінгі елдің жаҺандық жаңғыруы ертеңгі күннің тарихы іспеттес. Оның дәлелін Президенттің мына сөзінен келтіруге болады: «Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс». 

Қазіргі кездегі біздің жаңғыруымыз үш тілділікті игеру және де білім сапасын көтеру болып отыр. Қазақ халқының «Білікті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзі шын мағынасында білімнің баға жетпес үлкен рухани қару екендігіне, тек рухани қару ғана емес, сонымен бірге аса зор өндіргіш күш екендігіне байланысты айтылған. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық рухани күш, қуат көзі жоқ екендігі белгілі. Өйткені, білім тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең болудың күре тамыры, ел дамуының алтын құралы. Сондықтан да қазіргі жастардың еліміздің бір жайда тұрып қалмай тасы өрге домалап, ел дамуына қосатын үлесі үш тілділікті меңгеру болып табылады. Себебі қазіргі уақытта ғылым мен техниканың күннен күнге ғарыштап дамуына ілесіп отыру үшін бізден талмас қайрат пен ізденімпаздық қасиет талап етіледі. Көп жағдайда шет елде қолданыста болып жатқан дүниелер бізге кеш жетіп жатады. Осы жағдайға байланысты әрбір қазақстандықтардың көкейінде «неге?» деген сұрақ туындайтыны рас. Оның бар себебі, менің ойымша, шет тілін жетік білмеуде жатыр. Күнделікті өмір тұрмысымызда ғаламтордан мәлімет қараған кезде қазақ тілінен көрі орыс және ағылшын тіліндегі мәліметтерді көп аламыз, әсіресе жаңа технологиялар жайлы. Үш тілді неліктен игеруіміз керек деген сұраққа қарапайым жауап осы болмақ. Бұл - заман талабы.
Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» Елбасының бұл сөзі қазақстандық әрбір жастың бойындағы негізгі қасиетке айналуы керек.
Алайда, бұл заман ағымы талап етіп отырған негізгі мәселе болғанымен, оның бір түйткілді жері бар. Ол қазақ тіліне байланысты. Қай ата-ана болмасын, баласының үш тілді ғана емес, одан да көп тілді игеріп, еркін сөйлегеніне қарсы болмайды. Алайда мәселе қазақ тілінің болашақ тағдырына байланысты болатын болса, оны қазақ тілін құрбандыққа шалу жолымен шешуге болмайды. Себебі ұлттың ұлт болуы - тілінде. Қазақ тілінің мерейін шығаратын да, оны болашақ ұрпаққа жеткізетін де өзіміз. Сондықтан әрбір қазақстандық өзге тілді меңгермес бұрын өзі өмір сүріп жатқан мемлекеттің негізгі тілі – қазақ тілін де өз ана тіліндей еркін меңгеруді де ұмытпауы керек-ақ.

 

Қожахмет М.С.
Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институтының
доценті.