«Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс»

Елбасымыздың салиқалы саясаттарының бірі де бірегейі–руxани жаңғыру, яғни болашаққа бағдар. Бәрімізге мәлім, еліміз жаңа бір тариxи кезеңге аяқ басты. Еліміздің даму жолындағы мақсатқа жету үшін елбасымыз әрдайым өзінің бағдарламаларын xалыққа ұсынады. Солардың бірі мен бірегейі үш тілділік бағытты мен білімге құйған инвестициясы жаһандық жаңғыруға деген бір қадам. Бүгінгі елдің жаҺандық жаңғыруы ертеңгі күннің тарихы іспеттес оның дәлелі Елбасымыздың мына сөзінен келтіруімізге болады «Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс». Қазіргі кездегі біздің жаңғыруымыз үш тілділікті игеру және де білім сапасын көтеру болып табылады. Халқымыздың «Білікті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен бірге аса зор өндіргіш күш екендігін білуіміз тиіс . Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екендігі белгілі. Өйткені, білім тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең болудың күре тамыры, ел дамуының алтын құралы. Сондықтанда қәзіргі жастардың еліміздің бір жайда тұрып қалмай тасы өрге домалап, ел дамуына қосатын үлесі үш тілділікті меңгеру болып табылады. Себебі қазірде ғылым мен техниканың күнен күнге ғарыштап дамуына ілесіп сонымен бірге дамып отыруымыз керек. Көп жағдайда шет елде қолданыста болып жатқан дүниелер бізге кеш жетіп жатады. Неге? деген сұрақ туындайды. Менің ойымша тілді жетік білмеушілік. Қарапайым дүниені алып қарайық мысалы интернеттен мәлімет қараған кезде қазақ тілінен қарағанда орыс және ағылшын тілінде көп мәліметтер аламыз, әсіресе жаңа технологиялар жайлы. Үш тілді неліктен игеруіміз керек деген сұраққа қарапайм жауап. Бұл-заман талабы.
Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады”
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болу керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғығын уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.


Ф-31 тобы студенттері: Өмірзақ Н.Ж, Оралбек Б.Қ