«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АЯСЫНДА ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Ел Президенті  білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді.  Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы-на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны¬мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ-стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.Сол себепті «Цифрлы Қазақстан» және «Үш тілде білім беру» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Осы мақсатта Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 9.04.2018 – 13.04.2018 ж. ж. аралығында «Физика және математика» кафедрасы ұйымдастырылуымен Ресей Федерациясы Красноярск қаласының В.П. Астафьев атындағы Красноярск педагогикалық университетінің профессоры ф.-м.ғ.к., С.В.Ларин  «Цифрлы білім беру - озық білім мен құзыреттілік» тақырыбында дәріс оқуға шақырды. Дәріске математика және физика мамандығының 1-4 курс студенттері қатысып, оқу үрдісінде цифрлі білім беру жүйесі Geogebra бағдарламасымен таныстырды және осы бағдарламаны сабақта қолданудың әдістерін жан-жақты меңгерді. 

11.04.2018 жылы Физика және математика кафедрасы В.П. Кроснярск мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры С.В.Ларин және Оңтүстік Орал мемлекеттік университетімен бірігіп қала, аймақ мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен «Білімдегі сандық технологиялар» тақырыбында халықаралық семинар өткізді. Семинар барысында да білім берудегі цифрлі технологиялар өзекті мәселе болып қозғалды. Келген қонақтар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап таба алды. Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында «Рухани жаңғыру» аясында білім беруде «цифрлы білім беру – озық білім мен құзыреттілік» «Төлегенов оқулары - 2018» халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.   

Конференцияға келесідей мемлекттерден, қалалардан жалпы 127 мақала түсті. Красноярск, Словакия, Трнава, Гирне, Солтүстік Кипр Республикасы, Өскемен, Атырау, Қызылорда, Талдықорған,Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай,гуманитарлық колледж, гимназия, қала және ауыл мектептерінен.Конференцияда алғаш болып «Қазақстанның жоғары білім беру және ғылым саласының әлемдік үрдістерімен салыстырғандағы қазіргі ахуалы» атты баяндамасымен экономика ғылымдарының докторы «Тұран-Астана» Университетінің профессоры Алиев Орақ Жолмырзаұлы бастады.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиялық бағдарламалар орталығының басшысы п.ғ.к. Байдрахманов Досым Хасенұлы «Цифрлық білім беру мәселелері және даму болашағы» атты баяндамасын, ал В.П.Астафьев атындағы Красноярск Мемлекеттік педагогикалық университетінің физика-математика ғылымдарының кандидаты профессор Ларин Сергей Владимирович «Компьютерная анимация в обучении математике» тақырыбында баяндама оқыды.  Конференцияға өзіміздің ғалымдарымыз бен мектеп мұғалімдері де белсене ат салысты. Атап айтатын болсақ, АрқМПИ-дің PhD химия, биология және география кафедрасының меңгерушісі Султангалиева Карлыгаш Усипханкызы «Білім беруде инновациялық экожүйе құрудың маңызы» және Арқалық қаласының №10 жалпы орта білім беретін мектеп басшысының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Қарашинов Батырхан Серікбайұлы «Заманауи білім берудегі педагогтардың инновациялық мәдениетін қалыптастыру жолдары мен мәселелері» атты баяндамаларын оқыды. Баяндама оқу барысында оқытушылар мен студенттердің сұрағымен тереңдетіле түсіндірілді.  

Конференцияға қатысушылар заманауи білім беру жүйесінде жоғары мектеп пен орта мектептерде білім сапасын жетілдіру және тәжірибелі ұстаздардың үлгілі істерін дәріптеу мақсатында жоғарғы оқу орындарында цифлы білім беру технологияларды жетілдіру, институт оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің бірлескен кеңестерін өткізу және т.б. мәселелерін талқылады. Қорыта келе, бұл конференцияның өту мақсаты жастарды білім мен ғылымға құштарлығын арттыру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, « XXI ғасыр білім мен ғылым ғасыры» – дегендей, біз жастар сол көштен қалып қоймауымыз тиіс.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік

педагогикалық институты Математика-2 курс

студенттері Намиалиев Қ. Әбдіғалымова Ғ.