ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЛАЙЫҚТЫ ҚАДАМ

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЛАЙЫҚТЫ ҚАДАМ

Биылғы жаңа оқу жылының алғашқы күні, яғни 1 – қыркүйек Білім күнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен халыққа Жолдау жасады.
Білім мен рухани жаңғыруға байланысты осыған дейінгі ізденістерімізді Елбасы нұсқаған дамудың жаңа мүмкіндіктері сапаландыра түседі деп санаймыз. Жолдауда адам капиталына байланысты жаңа ұсыныстар айтылып, тың бағыттар көрсетілді. Соның ішінде педагогика саласы мен мамандықтарын сапаландыруға байланысты тұжырымдар, білім мазмұнын замана талабына сай құруға қатысты ойлар, жаратылыстану ғылымдары мен ақпараттық технологияларды озық жүйе аясында дамытуға қатысты байыптамалар сала мамандарының көкейінен шығып отыр.
Елбасының «білім беру саласын экономиканың жеке саласы ретінде дамыту керек» деген ойы да – жаңашыл және өзекті. Сондай-ақ университет ғылымына, жас ғалымдарды қолдауға қатысты маңызды тұжырымдар зор мүмкіндік туғызады деп сенеміз.
Жолдауда «жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындау» тезисі ерекше айтылды. Елбасы бастамасы елордадан өңірлерге дейінгі білім жүйесіне жақсы ықпал етеді деген пікірдеміз. Барлық салада, әсіресе білім саласында отаншылдық, бәсекеге қабілетті білім, тәжірибе қай қиындықтан болсын алып шығады.
Сондай-ақ, аталмыш жолдауда коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшкені және бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық қызмет бар, бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет екені басым айтылды. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек екені де сөз болды.
Президент жолдауда ғылым саласын дамыту туралы да тоқталып өтті. Бұл мәселеде бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет екені және үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, "Жас ғалым" жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды. Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болатындығын тілге тиек етті. Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ.
Осы жолданған Жолдау өз бағытымен іске асырылса, әлі талай белестерді бағындырарымыз анық.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
педагогикалық институтының
Мекепке дейінгі және бастауыш
білім беру кафедрасының аға оқытушысы,
магистр Р.Е.Жандилдина