«Жолдау жарқын жол ашады»

«Жолдау жарқын жол ашады»

Биылғы оқу жылын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі” атты биылғы халыққа Жолдауымен қарсы алдық. Президентіміз еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Жолдауда Президетіміз қозғаған өзекті мәселелердің және маңызды міндеттердің бірі - ғылым-білім саласын дамытудың маңызы туралы ерекше атап айтты. Мемлекет басшысы әлеуметтік салада білім беру сапасын жақсартуға баса мән беру қажет екендігі жөнінде тоқтады. Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгерістерге ұшыратты. Қазіргі таңда ұстаздар қашықтан оқыту ісін ұйымдастыру барысында көптеген семинарлар мен курстардан өтуде. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, студенттердің бәріне бірдей мү쬬кін¬дік туғызу үшін жүйелі шаралар қа¬бы묬данып, жаңадан оқуға түскен студенттерімізге институт ережелерімен, сондай-ақ оқу үрдісімен таныстыру, сұрақ-жауап беру мақсатында онлайн жиналыстарды ұйымдастыру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырды.
Мемлекет басшымыз жолдауында берілген басты мақсат пен міндеттердің бірі – Қолжетімді әрі сапалы білім беру. «Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек», - екендігі жөнінде қадап айтып өтті.
Сондай-ақ, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер мәселесіне тоқталып, олардың жалақысы өсетінін айтты. "Білім саласындағы басты мәселелердің бірі - ұстаздар жалақысының аздығы. 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді", - деді Президент. Президентіміз жолдауында білім мен ғылымды дамытуды ең басты мақсат етіп қоя отырып, білім саласын көтеруді, жыл сайын бөлінетін граттардың санын көбейтуді көздеп отыр. Ғылымның дамуына қазіргі «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды. Қыркүйек айынан бастап педагогикалық мамандыққа түскен студенттердің шәкіртақысын 42000 тенге дейін өсірді. Осы аталған көптеген шаралар ғылым мен біліміміздің дамуына аса назар аударғанының белгісі. Президентіміз осы жолдауы арқылы қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан дерттен құтыламыз деп жүріп, сауатсыздық дертіне шалдықпауымыз керектігін жөнінде айтып өтті. Қандай жағдай болмасын білім саласының төмендеуіне, ғылым саласының құлдырауына әкелмеуіміз керек. Қазіргі күннің басты талабы да, мәселесі де осы болып саналатынын туралы ашық жеткізді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен салмақ салды. Білім кілті ұлағат иелерінің кең пейілді жарқын бейнесі мен білімдарлығы арқылы шәкірт санасына қалары сөзсіз. Сол себепті шәкірттеріміздің озат болуына, жаһандану заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге білім саласының қызметкерлеріне мемлекет басшымыздың тарапынан үздіксіз көрсетіліп жатқан қолдауға қатысты шараларының жүзеге асырылуын құптаймын.


Шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Сапарғалиқызы Әсел