Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы

     Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясындағы жағдайды баяндай келе: «Парламенттің кезекті сессиясы жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды», - деді Жолдауын бастаған Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елбасы әлемнің жаңа болмыс - бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беру керектігін. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институттық реформаны негізгі бағдар етіп ұстану қажеттігін атап өтті. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қолжетімді әрі сапалы білім беру мен жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуі жайында жолдауда бірқатар маңызды тақырыптар қозғалып, Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту бойынша нақты 11 міндеттер қойылды.
Жолдаудағы менің көкейі¬ме қонған жайттардың бірі - Елбасының қолжетімді әрі сапалы білім жайлы жолдауы. Бізге мәлім коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігі.
      Азаматтардың сауаттылығы мен цифр¬¬лы біліктілігін арттыру мақса-тында Үкі¬метке Үздіксіз білім беру тұжы¬рым¬дама¬сын әзірлеуді тапсырылып. Бұл құ¬жат¬та бейресми білім берудің баламалы нұс¬қаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу нә¬тижелерін мойындау, кәсіби дағ¬ды¬¬ларды сертификаттау мәселелерін қарас¬тыру қажеттігі де аталып кетті. Сонымен бірге біз кәсіби білім бе¬ру¬дің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұ¬ра¬нысқа ие білікті мамандар қалып¬тас¬тыруға бағыттағау керектігі атала кетті.
Қорыта келе. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін індетке мойынсымай, бірігіп күресіп Бізге тек тәртіп пен сабыр керек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған құзырлы ұйымдар барлық мүмкіндікті жасауда және Елбасы Жолдауы еліміздің алдағы уақыттарда үдемелі дамуына үлкен серпін беретініне сенімдіміз.

Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы,
магистр Какина Д.Ш.