Жолдау – алдымызда тұрған міндеттер бастауы

2020 жылғы 1 қыркүйек айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы да біздің саламыздың мәселелерін қозғап отыр, соның ішінде білім мен ғылым саласына қатысты айтылған маңызды ойларына тоқталғым келіп отыр.
Әлемді жаулаған індетке байланысты білім алушылардың басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Әрине, оқытушылар мен білім алушыларға бұл жүйеге көшу оңай болмады. Сондықтан Президенттің толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әщірлеу тапсырмасы өте орынды. Алайда, сапалы білім алу үшін бұрынғыдай сабаққа қатысып, оқытушылармен және студенттермен араласудың орны бөлек екенін түсініп отырмыз. «Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтап, білім алудың дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әрине, мектептер үшін маңызды», - деп атап өтті.
Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мемлекет басшысының 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөніндегі шешімі құптарлықтай жаңалық. «Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді», - деді Президент.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев ғылым саласын дамыту және жас ғалымдарды қолдауға қатысты маңызды мәлімдеме жасаған болатын. Ол Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлу бойынша тапсырма берді. Бұл ғылыммен айналысатын жастарға жақсы мүмкіндік болды.


Кауметова Динара Романқызы
Музыка және бейнелеу өнері
кафедрасының аға оқытушысы