

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Altynsarin institute жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында мектеп, гимназия, лицейлердің 2023 жылғы түлектерімен бірқатар кездесулер ұйымдастырды.
Altynsarin institute-да Наурыз мерекесін тойлаудың шымылдығы түрілді. Ұлттық мереке қарсаңында жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті студенттері «Нұр сәуле, Ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік шара ұйымдастырды.
2023 жылдың 16 наурызында Астанада Astana IT University қабырғасында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен «Жоғары оқу орындарының академиялық саясатындағы жаңа трендтер» атты семинар-жиналысы өтті. Қатысушылар жоғары оқу орындарының оқу ісі жөніндегі проректорлары қатарында Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының проректоры Антаева А.С.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында Ақпараттық-кешендік кітапханасының ұйымдастыруымен 14 наурыз – Көрісу күіне орай «Көрісу – Наурыздың бастауы» тақырыбында ашық есік күні өтті.
2023 жылғы 10 наурызда «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің ұйымдастыруымен, мектеп оқушыларының арасында «Сандық технологиялар мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында Республикалық ғылыми жобалар сайысы өтті. Жобалар сайысының жетекшісі – аға оқытушы, магистр Жамалова Самал Арыновна.
Altynsarin institute-ның профессор-оқытушылар құрамы жаңа ғалыммен толыға түсуде.
Дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты Семей қаласында 2003-2005 жылғы жасөспірімдер арасында өтті. Турнирге еліміздің барлық аймақтарынан 31 спортшы қатысты.
2023 жылдан бастап Қазақстан Coursera-мен бірлескен бағдарламаны жүзеге асыруда.
3-4 наурызда Атырау қаласында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еліміздің ЖОО белсенділерінің қатысуымен «Сенің сәтің» республикалық студенттер форумы өтті.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2023 жылы 3-4 наурыз күндері «Сенің сәтің» республикалық студенттер форумы өтті.
1наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Altynsarin institute-де азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша институт мамандарының қатысуымен ауқымды оқыту ұйымдастырылды.
2023 жылдың 23-24 ақпанында Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының офис-регистратор бөлімінің меңгерушісі Шайменова Ләззат Серікқызы Алматы қаласында Satbayev University базасында өткен «Internationalization of Higher Education Institutions: International Visibility of HEIs» атты семинарға қатысты.
Бүгін Altynsarin institute-ның ректоры Ержан Әмірбекұлы Түркіменстанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Б. Д. Реджеповпен кездесті.
Altynsarin Institute-ның ұжымы бүгін Ғылыми кеңестің кезекті отырысында АрқПИ-дің аға оқытушысы, доценті, гуманитарлық ғылымдар магистрі Роман Аймағамбетұлына құрмет көрсетті.