Жаңалықтар 24 Желтоқсан 2021

Жаңа жылым, жарқыра!

| Автор: 

Жаңа жыл – қашанда əр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекелердің бірі. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Сондай-ақ, жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Осы орайда бүгін, желтоқсанның 24 күні, институтымыздың белсенді студенттерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Оқу үздігі болумен шектеліп қана қоймай, институттың қоғамдық өмірінде де өздерін тек жоғары деңгейде көрсеткен, оқу ордамыздың қалалық, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық іс-шараларда беделінің асқақ болуына елеулі үлес қосқан студенттер мен олардың ардақты ата-аналары Басқарма Төрағасы-Ректор – Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлының алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттау рәсімін АрқПИ проректоры Темирбеков Нұрлыхан Мұқанұлы өткізді.
Нұрлыхан Мұқанұлы студенттерді келе жатқан жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтай отырып, келер жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыстардың мол болуына тілектестік білдірді. Мерекелік іс-шара жаңа жылдық әндер, заманауи билер және үздік әзілдермен өз жалғасын тапты.

2

3

4

5

6

7

Оқылды 30 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.