
Олимпиада оқушылардың болашақ мамандық таңдауда пәндік және шығармашылық қабілеттерін ашуға, зерттеу қызметінің әлеуетін анықтауға, оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметіне ынталандыруға және өзін-өзі жетілдіруі мен өзіндік сенімін арттыруға жағдай туғызуға, кәсіби-тұлғалық әлеуетін ашуға бағытталды.
Олимпиадада оқушылар бірінші кезең бойынша тест тапсырмаларын, ал екінші кезеңде практикалық тапсырмаларды орындады.
«ЖАС ЭРУДИТ» атты V қалалық пәндік олимпиадаға Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі, Ш. Уәлиханов атындағы, №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.
Мектеп мұғалімдеріне алғыс хат беріліп, олимпиада қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
«Химия» пәні бойынша:
• І дәрежелі дипломымен Юцикова Валерия;
• ІІ дәрежелі дипломымен Болатбек Аяжан;
• ІІІ дәрежелі дипломымен Елікбай Айым;
• ІІІ дәрежелі дипломымен Тілектес Айдана.
«Биология» пәні бойынша:
• І дәрежелі дипломымен Қойшығара Аяулым;
• ІІ дәрежелі дипломымен Нагашибаева Ханым;
• ІІ дәрежелі дипломымен Өмірсерік Алтынай;
• ІІІ дәрежелі дипломымен Левчук Дарья.
«География» пәні бойынша:
• І дәрежелі дипломымен Құрманғали Асхат;
• ІІ дәрежелі дипломымен Қуандық Ықылас;
• ІІ дәрежелі дипломымен Мырзағалиева Құралай;
• ІІІ дәрежелі дипломымен Рахимов Мадияр;
• ІІІ дәрежелі дипломымен Әлібек Мұстафа;
• ІІІ дәрежелі дипломымен Жолаушы Төлеухан.