Жаңалықтар 20 Мамыр 2022

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – академиялық қызмет жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға құжат қабылдау туралы хабарлайды.

| Автор: 

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі академиялық қызмет жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға құжат қабылдау туралы хабарлайды.

Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.

Бос лауазымға үміткер бола алмайтын тұлғалар:

  • жиырма бес жасқа толмағандар;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандар;
  • өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;
  • медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандардар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Бос лауазымға үміткер тұлға келесі құжаттарды ұсынады:

  • белгіленген нысандағы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • 3х4 үлгідегі түрлі-түсті суретпен белгіленген нысандағы қызметтік тізімі;
  • білім туралы құжаттар және олардың қосымшаларының салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып көшірмелері;
  • соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
  • құжаттар ұсынылған күнге дейін 6 (алты) айдан аспайтын уақытта берілген тиісті нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

Құжат қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17, 222- кабинет, корпоративтік хатшы Уткельбаева Асель  Сеитхановнаға  тапсыру қажет, телефон: 8 (71430) 7-24-88.

Оқылды 201 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Келесі автордың соңғы жариялағандары: Administrator

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.