Жаңалықтар 20 Мамыр 2022

Жаңа Қазақстан. Республикалық Референдум

| Автор: 

2022 жылғы 18 мамырда Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапарова Әлия Сүйіндікқызы, «AMANAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы Тасмағанбет Сабыржан Нурсалиевич, Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы Гулбану Төкеновна Елтебаеваның қатысуымен институт қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә.С.Сапарова – Президент Қ.К.Тоқаевтың ҚР саяси жүйесін модернизациялау және демократизациялауға бағытталған конституцияға түзетулер енгізу туралы ұсынысы туралы айтты. Ұсынылып отырған өзгерістер конституциялық ықпал ету айналымындағы маңызды қоғамдық қатынастарды заманауи құқықтық реттеуді реформалау деп айтуға болады.
«Біз жаңа мемлекеттік модельдерге, мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттестігінің жаңа форматына өтеміз. Бұл сапалы өтуді Екінші Республика деп атауға болады» деді Президент.
Президент ұсынып отырған түзетулер Еліміздің «Жаңа Қазақстан Республикасы» ретінде қалыптасуына бағытталған конституциялық реформа деп айтуға болады деді.
Келесі сөз кезектерін Г.Т. Елтебаева мен С.Н. Тасмағанбет алып, референдум бойынша пікірлерін білдірді.
Институт қызметкерлері тарапынан сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алды.

2

3

4

Оқылды 44 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.