
Семинарға Арқалық қаласы әкімінің орынбасары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қостанай облысына қарасты аудандық тілдерді оқыту орталығының мамандары, ЖОО мен арнаулы орта білім беретін оқу орындарының тіл мамандары, тіл жанашырлары, БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш семинарда Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы, магистр Абдуллина Ардақ Амирхановна қатысып, «Адамзаттың сөйлеу тілі – лингвистиканың зерттеу нысаны» тақырыбында баяндама жасады.
Тағылымы мол өңірлік семинарда Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.