Жаңалықтар 31 Мамыр 2022

«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» (А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай) форумы

| Автор: 

30 мамыр күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»//«Память во имя будущего» халықаралық жобасы аясында «Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» (А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай)» форумы өтті.

Форумның басты мақсаты: «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»// «Память во имя будущего» халықаралық жобасын іске асыру Қазақстан халқының тарихындағы қасіретті кезең туралы ортақ тарихи зердені сақтау арқылы ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді, жалпыазаматтық бірегейлікті одан әрі дамытуға бағытталған. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Атап айтсақ, Қостанай облысының әкімдігі, «Қоғамдық келісім» КММ, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Мемлекет тарихы институтынан өкілдер, ғалымдар қатысты.
Форум бағдарламасы бойынша пленарлық отырыс және панельдік сессиялар өтті. «Саяси қуғын-сүргін: тарихтан қазіргі уақытқа дейін. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыс нәтижелері» атты І сессияда институттың аға оқытушысы, магистр Ардақ Амирхановна Абдуллина баяндама жасады.
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай алғашқы форумның киелі Торғай жеріндегі Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты қабырғасында өтуі - біз үшін зор құрмет.

2

3

4

5

Оқылды 36 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.