Жаңалықтар 16 Қыркүйек 2022

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» семинары өткізілді

| Автор: 

Қыркүйек айының 16 жұлдызында «Математика» білім бағдарламасының аға оқытушысы Абдрахманова Мейрамкүл Турганбаевна және «Физика» білім бағдарламасының оқытушысы Ұлысбаев Ерхан Еркінұлының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында профессор оқытушылар құрамымен семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін талқылау болды. Семинар барысында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары бойынша оқытушылар құрамы өз ойларын ортаға салды.
Баяндамашылар жолдаудың негізгі факторларын атап өтіп, соның ішінде еліміздегі білім берудің барлық циклін қаржыландыруды ұлғайту, гранттар санын көбейту арқылы студенттерге қолдау көрсету, жалақыны өсіру арқылы мұғалім мәртебесін көтеру сынды негізгі мәселелерді атап өтті.
Жиынды қорытындылай келе ұйымдастырушылар білімді жастарымыз өз елімізде ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті. Біз білімді және саналы ұрпақты тәрбиелеу арқылы олардың болашаққа нық сеніммен қадам басатындығына зор сеніммен қарайтындарын айтты.

6

7

8

9

10

Оқылды 19 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)
Осы категориядағы басқа материалдар: « Кітапхана шақырады! Жұмабай ақын жайлы «Мұражай сағаты» »

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.