Жаңалықтар 19 Қыркүйек 2022

Жұмабай ақын жайлы «Мұражай сағаты»

| Автор: 

Қыркүйек айының 19 күні Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында халық ақыны Жұмабай Шалабайұлына арналған «Киелі сөздің ат байлары» атты мұражай сағаты өткізілді.

Мұражай сағатына Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Педагогика және филология факультеті деканының орынбасары Әлімбаев Қанат Сейітқасымұлының жетекшілігімен факультет студенттері қатысты. Ақынның аталас туысы Торғайбай Уәлиұлы Жұмабай ақын жайлы деректерімен бөлісіп, алдағы уақытта Арқалық қаласында «Ақындар алеясы» ашылып, Уақ Жұмабай ақынның мүсіні орнатылатынын жеткізді. Мұражай сағаты барысында ақынның өміріне қатысты тың деректер айтылып, ақынның шығармалары талданды.

2

3

4

5

Оқылды 41 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.