Жаңалықтар 20 Қыркүйек 2022

«Тарихымызды түгендейік» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті

| Автор: 

2022 жылдың 20 қыркүйек күні Арқалық қаласының құрметті азаматы, оюшы, қолөнер шебері, Әлемдік Шыңғысхан академиясының академигі Шөптібай Байділдиннің «Тарихымызды түгендейік» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.

Аталған шараға қалаға әкімшілігі мен зиялы қауым өкілдері, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының проекторы Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы, Педагогика және филология факультетінің деканы Қалиев Айбек Киікбайұлы, декан орынбасары Әлімбаев Қанат Сейітқасымұлы бастаған институт студенттері қатысты. Кітаптың тұсаукесері басталар алдында автордың ою өрнектерімен безендірілген көрме көпшілікке таныстырылды.
Шара барысында қала әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлы құттықтау сөз сөйлеп, қаламгерге ізгі ниетін білдірсе, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы қаламгердің көп жылғы еңбегін жоғары бағалады. Ақтаңгер ақын, ф.ғ.к. Айбек Қалиев: «Салт-дәстүрімізді түгендеп берген Сейіт ағамыз болса, ал қазақы оюларымызды түгендеп берген Шөптібай ағамыз» деп, жүрек жарды ілтипатын бөлісті.
Кеш соңында Шөптібай Байділдин кітап тұсаукесеріне келген барша қатысушыларға алғысын білдірді.

7

8

9

Оқылды 26 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.