Жаңалықтар 21 Қыркүйек 2022

Шет елде жоғарғы оқу орындарымен жаңа байланыс орнату

| Автор: 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының негізгі басым бағыттарының бірі – академиялық ұтқырлық бағдарламасы. Бүгінгі таңда білім беру ұйымында ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әр түрлі елдердің жетекші университеттерімен ынтымақтастықты дамыту және ғылыми-зерттеу орталықтарымен серіктестік қарым-қатынасты орнату жұмыстары жүргізіліп келеді. Осындай бағдарламалар арқылы институт студенттері оқу барысында шетелде оқуға мүмкіндік алады.

Жаңа келісім шарттың бірі Кахраманмараш Сютчуимам қаласындағы (Түркия) университетімен жасалған. Бұл бағдарлама – қабылдаушы шетелдік серіктес жоғары оқу орнында, оқу орнының бір семестрінде (120 күн) білім алуға мүмкіндік береді.
Білім алатын студенттер академиялық ұтқырлықты офлайн форматта өтуде. 2022-2023 оқу жылының (01.09.2022ж. - 30.12.2022ж. аралығында) күзгі семестірінде аталған бағдарлама бойынша Кахраманмараш Сютчуимам қаласындағы (Түркия) Кахраманмараш Сютчуимам университетінің сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болған педагогика және филология факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері: Баярыстан Ақбөпе, Юлдашева Дилнара, Меирхан Айкерім.
Екі елдің белді жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланыс – білім алушылар үшін тамаша мүмкіндік. Мұндай бағдарламалар ашық білім беру кеңістігін ары қарай дамыту жолында және цифрлық дәуір ұрпақтарының қалыптасуына ерекше септігін тигізері анық.

2

3

4

5

6

Оқылды 24 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.