Жаңалықтар 21 Қыркүйек 2022

Архив және болашақ ұрпақ

| Автор: 

Бүгін Арқалық өңірлік мемлекеттік архивінде "Архив және болашақ ұрпақ" жобасы аясында ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Педагогика және филология факультеті деканының орынбасары Әлімбаев Қанат Сейітқасымұлы мен институт доценті, аға оқытушы Абдуллина Ардақ Әмірханқызының жетекшілігімен факультет студенттері қатысты.

Шара екі тақырыпты қамтыды. Қатысушылар тағылымды кеште өмірін елге арнаған өр тұлғалар: Ахмет Байтұрсынұлы мен Кейкі батыр туралы тың деректермен таныс болды.
Кейкі Көкенбайұлын ұлықтау рәсіміне 5жыл толуына орай, архив қоры келушілерге үлкен дерек көзін сыйлады.
Арқалық қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы Шөптібай Байділдин ағамыз студенттерге Кейкі батыр жайлы өз естеліктерімен бөліссе, АрқПИ доценті, аға оқытушы Ардақ Абдуллина Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелерін атап көрсетіп, жастарға таныстырды. Сондай-ақ қатысушы оқушылар мен институт студенттері Ахмет атамыздың өлеңдерінен үзінді оқыды. Атап айтсақ Ерболатова Нұрсауле "Арнау", Тұрсынбай Аружан "Анама хат", Пахридинова Ақмарал "Достыма хат", Қайыпқали Айшатгүл "Қазақ салты", Сүлейменова Дариға "Жұртма хат" атты өлеңдерді оқыды.
Шара жоғары деңгейде өтті.

8

9

10

11

Оқылды 20 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)
Осы категориядағы басқа материалдар: « Шет елде жоғарғы оқу орындарымен жаңа байланыс орнату

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.