Жаңалықтар 22 Қараша 2022

КДМ мүшелері мен ЖОО белсенді студенттерінің Студенттік кеңесінің І-ші отырысы

| Автор: 

2022 жылғы 15-16 қараша күндері Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің қолдауымен еліміздің 150 ЖОО-ның КДМ мүшелерімен І съез өтті.

Съез Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызының және Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Ерниязова Айсұлудың қатысуымен өтті.
Екі күнге созылған жиында,белсенді студенттер көптеген жаңа идеялармен бөлісіп, тың жобаларды талқылады.
Аталған съезге АрқПИ Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлының қолдауымен, оқу орнымыздың 4 курс студенті Сайлауов Шынтемір қатысты.
Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша Түркістан қаласының тарихи жерлерін аралап, Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбекпен өткен онлайн-кездесуге қатысты.

8

9

10

Оқылды 69 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.