Жаңалықтар 23 Қараша 2022

Оқушыларды оқу орнына шақыру

| Автор: 

22.11.22 ж. "Физика", "Физика және информатика" ББ жетекшісі Тулегенова А.К., "Математика", "Математика және информатика", "Математика және физика" ББ жетекшісі Сабитбекқызы Г. Арқалық қаласына қарасты Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББМ, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Мектеп оқушыларымен кездесу барысында А.К.Тулегенова институтымыздың материалдық-техникалық базасы, студенттер үйі мен спорт кешені туралы, институттың құрылымы және білім бағдарламалары туралы кеңінен мәліметтер беріп, бейне ролик көрсетті. Сонымен қатар оқушылардың сұрақтарына толыққанды жауап беріліп, институт туралы мәліметтер жинақталған буклеттер таратылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтар қазіргі таңда мұғалімдік мамандықтың беделі артып келе жатқанын танытты. Мұғалім мәртебесінің көтерілуі, мектептегі айлықтың жоғарылауы, педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің стипендиясының жоғары болуы бұл мамандыққа деген қызығушылықты арттырғаны байқалды.

2

3

Оқылды 30 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.