Жаңалықтар 23 Қараша 2022

"Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері" атты шеберлік сынып

| Автор: 

2022 жылдың 22 қараша күні 14.00-де Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің оқытушысы, магистр Хамитова Құралай Козыкинаның ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сынып өтті.

Шеберлік сыныптың мақсаты: Жоғарғы оқу орны мен мектеп мұғалімдері және колледж оқытушылары арасында ынтымақтастықты қалыптастырып, жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімділігін арттыру, оқыту үрдісін ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер, зертханалық және тәжірибелік сабақтарда студенттердің зерттеушілік іс- әрекетін ұйымдастыру.
Шеберлік сыныпқа мектеп және колледж оқытушылары, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжнің психологы Г.Д. Нуркенова мен жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы, PhD докторы Ә.Ескермесұлы, «Химия-биология» білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамы және 3 курс студенттері қатысты.
Шеберлік сыныптың қатысушылары келесі тақырыптарда ой бөлісіп, тәжірибе алмасты:
• Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің оқытушысы, магистр Ахатова Сымбат Жұматайқызы – «Химия пәнінен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру».
• Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің оқытушысы, магистр Хамитова Құралай Козыкина – «Биология сабағында студенттердің зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру».
• №10 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Мұхтарова Мөлдір Маратқызы – «Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері».
• Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нұрмаш Гүлсезім Нұрмашқызы – «Биология сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда жаңа технологиялардың тиімділігі».
• Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің биология пәнінің оқытушысы Сапарова Айдана Асқарқызы – «Митохондрияның құрылысы мен қызметтері».
• Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің биология пәнінің оқытушысы Оразов Ниязбек Рамазанұлы – «Тыныс алу мүшелері ауруларының себептері және алдын алу шаралары».
• Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі Тасқожин Қайрат Калтайвич «Жауын құртының, сиырдың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы».
• №10 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Сапабекова Жансая Талгатовна – «Мұнай кұрамы, өңдеу әдістері».
• М. Әуезов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Конкабаева Жанар Галымжановна – «Жаңартылған білім беру негізінде биология пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру».
Сондай-ақ, Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің психологы Нуркенова Гулмира Дауылбайкызы оқытушылар мен студенттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында психологиялық тренинг өткізді.
«Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбындағы шеберлік сыныпта өз тәжірибесімен бөліскен барлық қатысушылар сертификатпен марапатталды.

5

6

7

8

Оқылды 42 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.