Жаңалықтар 23 Қараша 2022

«Шетел тілдерін оқыту: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы халықаралық семинар

| Автор: 

2022 жылғы 23 қараша күні «Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ ұйымдастыруымен «Шетел тілдерін оқыту: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді.

Семинарда Түркия елінің Муғла Сыткы Кочман университетінің доценті, PhD доктор, ыбырайтанушы Экрем Аян, Астана қаласы Есіл Университет мекемесі «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к, доцент Досым Хасенұлы Байдрахманов, А. Байтұрсынов атындағы өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты, психология кафедрасының аға оқытушысы, Ресейдегі Оңтүстік Федералды университетінің Психология және педагогика академиясының 3-ші жыл аспиранты Рахматулина Аина Руслановна, Астана қаласы № 10 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі, педагогика және психология ғылымдарының магистрі Муханова Назымгуль Кумаровна және қала мектептерінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері баяндама жасады. Семинарға қатысушылар шетел тілін оқытуда кездесетін қиындықтар және оларды шешу жолдары жайлы баяндамалар оқыды, шетел тілін оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін көрсетті, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

10

11

12

13

14

15

16

Оқылды 39 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(2 дауыс)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.