Жаңалықтар 24 Қараша 2022

9 сынып оқушылары арасындағы олимпиада

| Автор: 

2022 жылғы 23 қарашада Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының "Орыс тілі мен әдебиеті", "Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламаларының оқытушылары Арқалық қаласындағы орыс тілінде оқытпайтын орта мектептердің 9 сынып оқушыларына орыс тілінен олимпиада өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың орыс тілін тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру; білім алушылардың тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасау.
Олимпиадаға қаланың және жақын маңдағы ауылдардың тоғыз мектебінен 16 оқушы қатысты.
Олимпиада үш турдан тұрды:
1 тур – компьютерлік тестілеу.
Олимпиаданың 2 туры – мәтінді кешенді талдау. Екінші турға тестілеу нәтижесінде жоғары балл жинаған 10 оқушы қатысты.
3 тур – өлеңді мәнерлеп оқу. Қатысушылар орыс әдебиеті классиктерінің өлеңдерін жатқа оқып, мәнерлеп оқу және анық айту дағдыларын көрсетті.
Барлық турлардың қорытындысы бойынша 1-дәрежелі дипломмен Ы. Алтынсарин гимназия оқушысы Марат Аружан марапатталды.
2-дәрежелі дипломмен А. Құнанбаева № 6 ОМ оқушысы Әлімгереева Нұрайым марапатталды.
№4 ЖББМ оқушысы Мақсұтбек Аружан және Ангар негізгі мектебінің оқушысы Кәрімжан Бекзат 3-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталды.

2

2

2

2

2

2

2

Оқылды 23 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.