
Ұлт болып ұйысудың бойтұмарына айналған «Көрісу күніне» әлемдік Шыңғысхан академиясының академигі, Арқалық қаласының құрметті азаматы, Абылай хан атындағы Алтын медальдің және «Қазына» меценаттар сыйлығының екі мәрте иегері, оюшы-қолөнер шебері, қаламгер, өлкетанушы Шөптібай Байділдин арнайы қонақ болды.
![]() |
![]() |
Амал мерекесінде аталып өткен шара барысында «Объективте оқырман» атты фото көрме, кеш қонақтары мен оқырман арасында «Әдеби ізденіс» атты сайыс сағаты, «Қазақтың көркем фильмдері» тақырыбында «Қыз Жібек» музыкалық қойылым ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды.
![]() |
![]() |
Сондай-ақ, мерекенің сыйлы қонақтары болып Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Борибаева Казына Байсабековна, Есмағамбетова Сандуғаш Қазыбековна және колледж кітапханасының өкілдері Колдасбаева Екатерина Досановна, Тұрғұнова Айым Нұрымқызы, Ахметова Айсұлу Серіковна, Баймолдаева Гауһар Келденқызы қатысты. Уыздай перзент атты гүл-шыбықтың
Үнінен уілдеген бір сыр ұқтың – деп, студент жастардың ұлттық мерекеге деген құрметін еселеу мақсатында ұйымдастырылған сайыс сағатынының жеңімпаздары анықталып, естелелік сыйлықтар тарту етілді.
![]() |
![]() |
Сәйкесінше, кітапхана оқырмандары амал мерекесі туралы орамды ойдан ортақ байлам жасасты, домбырада күмбірлете күй ойнап, мерекелік әсем әндер шырқады.Мерейлі мейрам – Көрісу күнімен құттықтаймыз!
Бейбіт және бақытты өмір, жақындарыңыздың аман-саулығын, әрбір оң бастамаларыңызда тек сәттілік пен жетістіктер тілейміз!