
Семинар жұмысы министрдің Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасына кеңінен тоқталған баяндамасынан басталды.
Бұл тұжырымдама саланы дамытудың 3 тұжырымдамасын біріктіру арқылы ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бірыңғай тұжырымдама үш негізгі тараудан тұрады: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, өмір бойы білім алу және ғылым. Сондай-ақ, Тұжырымдама жобасында 16 бағыт және 16 нысаналы индикатор, 120 іс-шара көзделген.
Жалпы, тұжырымдаманы іске асыру жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қолжетімділігіне, жоғары білімнің инфрақұрылымы мен цифрлық архитектурасын озық кадрлармен қамтамасыз етуге және дамытуға, қазақстандық ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оның елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан үлесін арттыруға, ҒЗТКЖ-ға жеке сектордың инвестицияларының өсуіне және ұлттық және өңірлік деңгейлердің қолданбалы проблемаларын шешуге ықпал ететін болады.
Шараның модераторы – Вице-министр Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы өз сөзінде оқу мәселелерінің жаңа аспектілеріне тоқталды.
Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Г.И.Көбенова ««таза парақтан» жаңа реттеу саясаты» баяндамасымен, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Нарбекова Б.М. «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобасының нормаларын іске асырудағы жоғары оқу орындарының рөлі туралы айтты.
Одан әрі еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының осы бағыттағы тәжірибесі таныстырылды.
Сонымен, AstanaIT Universitet білім беру ұйымдарының микробіліктілік бағдарламаларын әзірлеу және енгізу және оларды тану тәртібі туралы айтса, Абай атындағы ҚазҰУ қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру ерекшеліктерімен бөлісті.
Баяндамашы «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры О.П.Киселева «Жаңа кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту» тақырыбында баяндама жасады.
Қазақстан-Британ техникалық университетінің өкілдері университет түлектері арасында ESGskills қалай қалыптасатынын және оқу үдерісінде онлайн мүмкіндіктерді пайдаланудың инновациялық тәсілдері туралы ақпаратпен бөлісті.
Халықаралық ынтымақтастық мәселесі де назардан тыс қалмады. Қазақстандағы Erasmus+ жобаларын жүзеге асыру мәселесіне толығырақ Қазақстандағы Ұлттық Erasmus+ кеңсесінің үйлестірушісі Палуанова Л.баяндап берді.
Ал Шәкәрім атындағы университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры өз сөзінде жиынға қатысушылардың назарын қазіргі кезде өзекті мәселелерінің бірі – университеттердің оқу үдерісінде Coursera курстарын пайдалану мәселесіне аударды.
Altynsarin institute да биылғы жылы аталмыш жобаны жүзеге асырып жатқан жоғары оқу орындарының тізімінде екенін айта кеткен жөн. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап институттың 500 студенті Coursera платформасында білім ала бастады. Бүгінгі күні алғашқы 292 түлек оқуды аяқтағаны туралы сертификат алды.