

Махина Сарсенкул Куандыковна
Ақпараттық-кешендік кітапхананың директоры
Тел.: 8 (71430) 7-24-88, ішкі тел.: 113
АКК АрқМПИ-дың бас ғимаратында орналасқан, 1-қабат, сол жақ қанат, бір оқу залы екінші оқу ғимаратының 2 қабатында орналасқан, (№16 ауд.)
Қысқаша ақпарат:
АКК жоо-ның қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық-білім беру және әлеуметтік-мәдени, объективті қажетті бөлімшесі болып саналады. Ақпараттық–кітапханалық кешені білім берудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді дамытуда, жоғары біліктілікті мамандарды дайындауда, институттың өмірінде маңызды рөл атқарады.
АрМПИ ақпараттық-кітапхана кешені–бұл:
• білім, бос уақыт және ақпарат орталығы;
• жан-жақты қамтылған 250 мыңнан аса кітап қоры;
• 1500-ден астам анықтамалықтар мен энциклопедиялар;
• жыл сайынғы 10 мың жаңа кітаптар тізімі;
• жыл сайын жазылатын, мерзімді басылымдардың 200 атауы;
• сирек кездесетін кітаптардың коллекциясы;
• көп аспектілі анықтамалық-іздеу аппараты;
• абонементтер және оқу залдары;
• электронды ресурстар орталығы;
• медиацентр;
• видеозал;
Міндеттері:
• әрбір пайдаланушыға білім және ғылыми ақпараттық ресурстарына сапалы қол жеткізуін қамтамасыз ету;
• АКК пайдаланушыларына жоғары кәсіби ақпаратты-кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
• қолда бар кітап қорының сақталуын және оларға уақытында қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Бөлімшелер құрамына кіретін:
АКК құрылымына әр түрлі қызметтердің орындалуын қамтамасыз ететін 8 бөлімше кіреді. Олар технологиялық бөлімдерге біріктірілген:
• қорды қалыптастыру бөлімі;
• оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі: оқу әдебиет абонементі, ғылыми-көркем әдебиет абонементі, оқу-әдістемелік әдебиеттер оқу залы, мерзімді басылымдар оқу залы, шет тілдері әдістемелік оқу залы, 2 ғимараттың оқу залы;
• мультимедиялық ресурстар бөлімі: бейне зал, медиа орталық, электронды ресурс орталығы.
Қысқаша тарихи анықтама:
Ақпараттық-кітапханалық кешені 2007 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істейді. Осы күнге дейін АрМПИ кітапханасында 50 орынға есептелген 1 оқу залы, 2 абонемент бар болатын. Кітап қоры шамамен 143 мың дана, 50-дей қазақстандық басылымдарға жазылу жүзеге асырылды. Штатта 6 адам бар.
Материалдық-техникалық база:
1. Оқу залдар саны–7
2. Отыратын орындар саны–220
3. Кітапхананың жалпы алаңы – 772,2 м2
4. Компьютерлер – 73
5. Көбейту, көшіру техникасы (сканерлер, принтерлер, ксерокс) – 6
6. Электрондық кітаптар – 12
7. Қазақстан мен Ресейдің 200-ден астам мерзімді басылымдарына жазылу
8. Интернетке қол жеткізу – ПК 73 нүктесінен қол жеткізу
9. Электрондық ресурс орталығы, медиазал, видеозал жұмыс істеуі
10. Электронды кітапхана - 20 000-нан астам басылымдар
11. Автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесінің (электрондық каталог) бар болуы - (АИБС "ИРБИС") электрондық каталогты сатып алу
12. Толық мәтінді ДБ кіру, ДБ "Thomson Reuters", "Springer", РМЭБ қол жеткізу қарастырылған, "Лань" баспасы (Ресей, Санкт-Петербург қ.) және т. б.
13. Кітапхана штаты - 16
14. Желдету жүйесі (оқу залдарында салқындатқыш) – 5
15. Қауымдастық және бірлестіктерге мүшелік ету – ҚР жоғары оқу орындары кітапханаларының Ассоциациясының Мүшесі
Ресми/әдістемелік құжаттар:
АКК өз қызметін-ҚР "Білім туралы" заңы, «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі» мемлекеттік стандарты (МЕМСТ 7.1-2003), 2003 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 508 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік білім беру ұйымының кітапхана қорын қалыптастыру туралы нұсқаулық, АКК қызметін реттейтін ақпараттық-кітапхана кешені туралы ереже және басқа да нормативтік құжаттармен басшылыққа алынады.