Саясат пен міндеті

Ақпараттық-кешендік кітапхана өз қызметін институттың стратегиялық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады.
Пайдаланушыға бағдар – АКК қызметінің сапасын жақсартудың негізгі шарты.

Біздің міндетіміз:
• Әр пайдаланушыға білімдік және ғылыми ақпараттық қорды пайдалануға сапалы жағдай жасау;
• Кітапхана пайдаланушыларына жоғары кәсіби ақпаратты – кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
• Бар кітап қорын сақтау және оны уақыт пен кеңістікте пайдалануды қамтамасыз ету;
• Ғаламтордың ақпараттық және электрондық қорын пайдалануға мүмкіндік жасау.
АКК-нің сапа саласындағы саясаты:
• Өз пайдаланушыларының білімдік және ғылыми қызметін ақпараттық қамсыздандырудың қазіргі заманғы деңгейін жасайды және үзбей жалғастырады.
• Пайдаланушылармен қарым-қатынасын тұлғаны және оның ақпараттық қажеттілігін құрметтеуге негіздеп орнатады.
• Өз пайдаланушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
• Қызметінің жоғары сапалылығын және тиімділігін қамтамасыз етеді.