Сирек кітаптар қоры

Сирек кітаптар қорының басым бөлігін Ы.Алтынсарин атындағы мұражайдан, кітап сүйер қауымның жеке жинақтарынан, АКК қорынан алынған XIX ғасыр  ХХ ғасырдың басындағы басылымдар құрайды.

Осы және басқа кітап сүйер жинақтаушылардың арқасында бүгінгі оқырман дәуірдің түпқұжаттарымен жұмыс жасап, жазба мәдениетінің жәдігерлерін зерделей алады.

Сирек кітаптар қоры – 1000-нан астам кітаптан тұрады. Олардың қатарына тек өткен жылдар басылымдары ғана емес, қазіргі заманғы жаңа кітаптар да кіреді, мысалы, жоо оқытушыларының ғылыми еңбектерінің қордағы даналары, кітапханаға сыйға берілген кітап жинақтары, авторлардың қолтаңбалары қойылған даналар.

Кез-келген көне кітап мәдениет тарихының жазба жәдігері болып табылады. Сондықтан АКК-нің міндеті сирек кітаптар қорын қалыптастыру және сақтау ғана емес, сонымен бірге жиналған жәдігер-кітаптарды оқу үрдісінде барынша қолдану. Сондықтан барлық әдебиет электрондық каталогтың «Сирек кітап» ДБ көрсетілген.

Сирек кітаптар қорымен кеңінен таныстыру үшін «Көне тарихтан сыр шерткен» атты көрме үнемі жұмыс жасайды, түпдеректермен жұмыс жасауға қосу мақсатында бірінші курс студенттеріне, мектеп түлектеріне таныстыру сағаттары, экскурсиялар өткізіледі. 

Сирек кітаптар қорының жинақтары:

·       XIX ғасыр − XX ғасырдың басындағы педагогикалық, тарихи, табиғи-ғылыми әдебиет басылымдары (кейбір даналар бүкіл аймақ үшін бағалы туынды болып табылады: Кант И.О. О педагогике. - М., 1896; Материалы по вопросу о приготовлении учителей для гимназий и прогимназий. - СПб., 1865; Учебник педагогики. - М., 1887; Малинин Н. Начальное народное училище. - М., 1875; Суворов Н. Средневековые университеты. - СПб., 1898);

·       XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басындағы анықтамалық басылымдар (Энциклопедический словарь. Изд.: Ф.А.Брокгауз и И.А.Ефрон, 1892-1905; Русско-греческий словарь. - М., 1877);

·       XIX ғасыр көркем әдебиетінің түпнұсқалық басылымдары;

·       XX ғасырдың бағалы басылымдары;

·       авторлардың қолтаңбалары қойылған басылымдар;

·       XIX ғасыр – XX ғасырдың басындағы мерзімді басылымдар («Вопросы философии и психологии». - М., 1897; «Вестник Европы». - СПб., 1905 г.; «Вестник иностранной литературы». - СПб., 1899, және басқа журналдардың жинақтары).