Пайдалану ережелері

1.  Ақпаратты-кітапханалық кешенді пайдалану құқығы оқытушы-профессорлар құрамына, студенттерге және институт қызметкерлеріне беріледі. Оқырмандардың басқа санаттарына бір реттік тәртіпте қызмет көрсетіледі.

2.  Кітапханалық қызметтің негізгі түрлері ақысыз көрсетіледі. Қосымша ақылы қызмет институт ректоры бекіткен тізбе мен прейскурант негізінде көрсетіледі.

3.  Оқырмандарды АКК тіркеу оқырманның институтқа тиесілігін куәләндыратын құжат бойынша жүргізіледі: студенттер үшін – студенттік билет, талапкерлер үшін – емтихан парағы, оқытушылар мен қызметкерлер үшін – жеке немесе қызметтік куәлік және көлемі 3х4 см. фотосурет.

4.  Оқырманға АКК пайдалану құқығын беретін бірыңғай оқырман билеті беріледі және оқырман формуляры толтырылады. Кітапханаға жазылғанда оқырмандар оның ережелерімен танысып, оларды орындау міндеттемесін оқырман формулярына қойған қолымен растайды.

5.  Оқырман билетінің жарамдылық мерзімі – бір жыл. Жыл сайын (оқу жылы басталғанша) АКК өз оқырмандарын олардың атына жазылған барлық әдебиетті белгіленген мерзімде тапсыру және оқырман билетін жалғастыру арқылы қайта тіркеуден өткізеді. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға АКК қызмет көрсетпейді.

6.  Оқырман билеті АКК пайдалану құқығын беретін бірден-бір құжат болып табылады. Кітапханадан кітап алу үшін басқа адамға оқырман билетін беруге рұқсат етілмейді.

7.  Тегі, жұмыс және оқу орны, мекен-жайы, телефон нөмірі жайлы барлық өзгерісті оқырман АКК 10 күндік мерзімде хабарлауға міндетті.

8.  Оқырман оқудан немесе жұмыстан шығып кетер болса, есебінде тұрған басылымдарды және оқырман билетін АКК-ге тапсырып, кету парағына қол қойдыртады.

9.  Үйге кітап абонементтерде беріледі. Оқу залдарындағы әдебиетті алып шығуға болмайды, тек сол жерде ғана пайдалану керек. Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар, ағымдағы мерзімді басылымдар, сирек және құнды кітаптар тек қана оқу залында жұмыс жасау үшін беріледі. "Міндетті дана" деген мөр қойылған соңғы және жалғыз дана кітап үйге берілмейді.

10.Кітаптарды, басқа баспа туындыларын, және өзге материалдарды алғанда оқырмандар басылымды мұқият қарап шығып, қандай да бір ақауы болған жағдайда, ол туралы кезекші кітапханашыға хабарлайды, ал тексеріп алмаған жағдайда бүлінген кітап үшін жауапкершілік басылымды соңғы болып пайдаланған оқырманға жүктеледі.

11.Пайдалану ережелерін бұзған, немесе АКК-ге нұқсан келтірген оқырмандар қолданыстағы заңнамада, АКК пайдалану ережесі мен қағидасында ескерілген әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалды) немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

12.Басылымның жоғалуына, немесе бүлінуіне жауапты оқырман оны дәл сондай басылыммен, не оның көшірмесімен,  немесе АКК тең бағалы деп тапқан басылыммен  алмастырады, ал ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда оның нақты  нарықтық бағасын өтейді.