Қызметі

  Кітапхана өз оқырмандарына негізгі қызметтерді ұсынады:

• оқу залдарында кітапханалық қызмет көрсету;
• абонемент арқылы үйге кітап беру;
• іздестіру жүйелері мен мәліметтер базасы бойынша ақпараттық іздестіру;
• АКК қорынан жеке электрондық құжаттарды, аудиоматериалдар мен білім беру бейне бағдарламаларын пайдалануды ұйымдастыру;
• Жоо-ның тақырыбы бойынша анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету;
• жаңа әдебиет туралы ақпараттандыру;
• Жоо бағдары бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімін құрастыру;
• ақпараттық-библиографиялық іздестіру әдістемесі бойынша кеңес беру;
• ғылыми жұмысты библиографиялық ресімдеу және баспа шығармаларының сипаттамалық ережелері бойынша кеңес беру;
• студенттер мен оқытушылар үшін мәдени-ағарту, демалыс іс-шаралар өткізу;
• кітапханатану және библиография жүргізу мәселесі бойынша кеңес беру.

Сондай-ақ кітапхана қосымша қызметтер ұсынады:
• оқытушының оқу немесе кәсіби қызметімен байланысты емес күрделі библиографиялық анықтамаларды орындау;
• курстық, дипломдық және ғылыми жұмыстарға әдебиеттердің библиографиялық тізімін жасау және редакциялау;
• оқырмандар сұранысы бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімін құрастыру;
• оқырмандар сұранысы бойынша кітапханаға түскен жаңа әдебиеттер туралы жеке хабарлау;
• "түнгі" абонемент –кітапхана жұмыс істемеген кезде оқу залы қорынан кітап беру;
• басқа да ұйымдардың келісім-шарт бойынша кітапхана қорынан әдебиеттер беру;
• жеке аудио - және бейнежазбаларды тыңдау және қарау;
• ӘОК немесе КБК арналған мақалалар мен монографиялардың индексін анықтау;
• баяндама, реферат, мақала дайындау бойынша жеке кеңес беру;
• мектептердің өтінімдері бойынша көшпелі көрмелер, бұқаралық іс-шаралар өткізу;