Педагогика және филология факультеті

Kaliyev Aibek

Қалиев Айбек Киікбайұлы

Педагогика және филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Тел.: 8 (71430) 7-13-81, ішкі телефон - 132
Факультет АрқПИ бас ғимаратының 3-қабаттында орналасқан, №301 кабинет
Бүгінгі факультет
Педагогика және филология факультеті – Арқалық педагогикалық институты факультеттерінің ішінде білікті ұстаздар даярлауда өзіндік тарихы бар, төрт тілде мамандар даярлайтын іргелі ұжым болып саналады. Факультет құрамына кіретін мамандықтарға қатысты кафедралар мен кешендерді біріктіреді. Факультет жұмысының мәселелерін талқылау, шешім қабылдау үшін Факультет кеңесі ұйымдастырылған. Қазіргі таңда факультет деканы болып ф.ғ.к., доцент Қалиев Айбек Киікбайұлы қызмет атқарады.
Қысқаша тарихи мәлімет

Аталмыш факультеттің өткеніне көзжіберіп, тарих парақтарына үңілер болсақ, институт іргетасы қаланған күннен бастап, «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығыбойынша мамандар дайындау жұмыстары қолға алынған.

 1972 жылы орыс тілі және әдебиеті бөлімі болып құрылып, 1972-1973 жылдары орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Түзелбай Байжанов болды.

1973-1974 оқу жылдарында И.И.Щурин басқарған филология және сырттай оқыту факультеті құрылып, «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы ашылып, алғашқы талапкерлер қабылданды.

1975 жылдан бастап «Орыс тілі мен орыс және шетел әдебиеті» (меңгерушісі аға оқытушы С.А. Рахметова) жұмыс жасай бастады.

1978 оқу жылы нда орыс тілін қазақ мектептерінде оқыту мамандығы негізінде кафедра ашылды.

1990 жылдары солтүстік өңірде қазақ тілі мен әдебиеті мамандары жетіспеушілігі сынды мәселелер туындауына орай, екі жылдық жеделдетілген курс ашылып, аталған мамандық негізінде студенттер қабылдау мүмкіндіктері туды (Алғашқы түлектері: Ғ.Қ. Бижанова, Р. Чойкеева т.б.).Бұл аз уақыт ішінде мамандар қажеттігін шешу үшін жасалған эксперименттік шаралар болатын.

1992 жылы 3 ақпанда қазақ тілі мен әдебиеті факультеті құрылып, алғашқы деканы, профессор ӘсетЛамашев, ал 1993 жылы факультет деканы, ф.ғ.к., доцент Шәмшібану Әбішева болды.

1993 жылы жоғарыда аталған факультет жанынан (академикҚ. Күзембайдың ұсынысымен) ағылшын-қазақ бөлімдеріне, 1994 жылы неміс-қазақ бөліміне студенттер қабылданды. Ағылшын-қазақ бөлімінің алғашқы түлектерінің қатарында түрік елінің бірнеше азаматтары да болды.

1994-1995 оқужылында қазақ тілі және әдебиеті факультетін филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.А.Уәлиханов басқарды.

1995-1997 жылдары қазақ тілі және әдебиеті факультетін тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Ғ.Даркенов басқарды.2000 жылдың тамыз айында институт Ғылыми кеңесінің шешімімен қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті факультеттері біріктіріліп, филология факультеті құрылды. Факультет деканының міндетін С.А.Наушабеков атқарды.

2002-2007 жылдар арасында факультет деканы болып ф.ғ.к., доцент Ш.А.Уәлиханов қызмет атқарды.

2007-2008 жаңа оқу жылында педагогика және филология факультеті құрылды. Қазіргі таңда факультет деканы болып ф.ғ.к., Қалиев Айбек Киікбайұлы тағайындалды.

Факультет кафедралары:

1. Шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

2. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

3. Педагогика және психология кафедрасы

4. Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасы

PMNO

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

PP5

 Педагогика және психология кафедрасы

KB

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

1

Шетел тілдері, орыс тілі мен әдебитеті кафедрасы

Факультет төмендегі мамандықтарды дайындайды:

• 5B010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»;

• 5B010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»;

• 5B010300 «Педагогика және психология»;

• 5B011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»;

• 5B011800 «Орыс тілі мен әдебиеті»;

• 5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі»;

• 5B012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»;

• 5B012200 «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»;

Түлектер төмендегі біліктілік бойынша жұмыс істей алады:

• орта және арнаулы орта білім беру мекемелерінде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде;

• дайындық бағытындағы, педагогика, психология, жеке пәндерді оқыту әдістемелері бағыттарында ғығылыми-зерттеу орталықтарында, институттарында;

• білім беру департаменттерінде.

• кәсіптік ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкері ретінде;
Профессор-оқытушылар құрамы

:• 5 профессор 3ғыл. доцент 

• 8 ғыл. кандидаты

• 16 аға оқытушы

• 41 магистр

• 17 оқытушы•

Оқу процесін қажетті деңгейде өткізуге 5 лаборант өз үлестерін қосуда.

Факультеттің материалды-техникалық базасы:

• компьютер класстары 3

• мультимедиа аудиториялары 2

• педагогика және психология кафедрасының базасында 6 орталық бар: «Этнопедагогика және этнопсихология», «Педагогикалық шеберлік пен және тәжірибе», «Релакс», «Өзін-өзітану», «Дарын», «Оқу-ақпараттандыру орталығы».

• Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасында 1 орталық бар: «Балдырған» шағын орталығы.

Факультетте 476 студент білімалуда.

• Мемлекеттік білім гранты негізінде 396 студент

• келісім - шарт негізінде 80 студент

• қазақ топтарында оқитын студент саны 396

• орыс топтарында оқитын студент саны 83
Қосымша ақпарат
Жоғары оқу орнында оқу – күрделі еңбекті, студенттің төзімділігі мен мақсатқа ұмтылушылығын, еңбексүйгіштігін, өзіндік ізденісін, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйретеді.Студенттің еңбегі сәтті, әрі көздеген нәтижелерге жету үшін мыналарды дұрыс ұйымдастыру керек:

• алдыға дұрыс мақсаттар мен міндеттер қою;

• жақсы психологиялық жағдай тудыру;

• жұмысты дұрыс жоспарлау және уақытты дұрыс бөлу;

• кітаппен жұмыс жасау дағдысын игеру;

• жазба жүргізуді үйрену;

• есте сақтауға үйрену, өз жады мен ойлау қабілетін пайдалана білу;

• ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын меңгеру;

• мәдениетті сөйлеу мен қарым-қатынас жасауды игеру;