Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

o nas

Рахметова Базар Анасқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент


Кафедра АрқПИ-дің басты корпусында орналасқан, №329 кабинет, 3-қабат
Тел.: 8 (71430) 7-13-81, ішкі тел.: 117, эл.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., www.twitter.com/kazrus_arkspi
Қысқаша тарихи мәлімет
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының тарихына көз жүгіртсек, 1992 -1994 жылдары қазіргі қазақ тілі кафедрасын аға оқытушы Әбішева Шәмшібану Әбішқызы, 1994 – 1999 жылдары аға оқытушы Әбдіхалықова Бибігүл Маршалқызы, 1992 – 1996 жылдары қазақ әдебиеті және практикалық қазақ, орыс тілдері кафедрасын ф.ғ.к. Ержанова Гүлдария Баймырзақызы, 1996 – 2001 жылдары қазақ әдебиеті және практикалық қазақ, орыс тілдері кафедрасын аға оқытушы Сейіт Кенжеахметұлы, 2002 жылдың тамыз айында институт ректорының бұйрығымен “Қазақ тілі мен әдебиеті” және “Орыс тілі мен әдебиеті” кафедралары біріктіріліп, “Қазақ, орыс тілдері және әдебиеті” кафедрасы болып құрылып, кафедра меңгерушісі қызметін ф.ғ.к., доцент Әбішова Клара Мұхамедиярқызы атқарды.
2004-2005 оқу жылы аға оқытушы Жексембаева Лаззат Байтөреқызы кафедра меңгерушісінің міндетін атқарды.
2005 жылдан ф.ғ.к. Рахметова Базар Анасқызы “Қазақ, орыс тілдері және әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
1997 жылы “Қазақ әдебиеті” мамандығы бойынша кафедраның аға оқытушылары Валиханов Шаридияр Асфандиярұлы, 2004 жылы кафедраның аға оқытушысы Рахметова Базар Анасқызы кандидаттық диссертацияларын қорғады.
2017 жылы ректордың бұйрығымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы болып қайта өзгертілді. Қазіргі таңда 5ВО11700 - “Қазақ тілі және әдебиеті”, 5ВО12100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламалары бойынша ф.ғ.к., профессор Ш.А. Валиханов; ф.ғ.д., ф.ғ.к., профессор Б.А. Рахметова; ф.ғ.к., ф.ғ.к., профессор А.К.Қалиев; педагогикалық ғылымдар магистрі, доцент А.А. Абдуллина; педагогикалық ғылымдар магистрі, доцент Қ.М. Шакирова; педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Ш.С.Ауезова; педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Г.К. Айдарова және аға оқытушы Б.А. Таутина қызмет атқаруда.
Кафедра міндеттері
• Ұлттық жалпы адамзаттық құндылық, ғылым және практиканың жетістігі негізінде жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін дамытуға, қалыптастыруға бағытталған білім алуға қажетті жағдай жасау;
• Оқытудың жаңа технологиясын жетік меңгерту және оны жұмыс барысында оңтайлы пайдалана білуге үйрету;
• Жалпы тіл біліміндегі осы заманғы ғылыми концепциялар мен жетістіктер туралы мәліметтер беру;
• Ұлттық әдебиеттің жалпы даму жолы, белесті кезеңдері, көркемдік эстетикалық мәселелері жөнінде түсінік қалыптастыру;
• Қазақ және орыс тілінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, сөзжасамдық және синтаксистік құрылымы мен теориялық мазмұнын терең меңгерту;
• Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен техникалық жетістіктерін іс жүзінде пйдалана білуге үйрету;
• Ағымдағы әдеби процестің жай-күйінен жаңа мәліметтер беру және қалыптастыру;
• Сөз өнері, әдеби шығарма, көркемдік категориялар жөнінде терең теориялық білім беру;
• Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін терең меңгерту;
• Сапа менеджмент жүйесін жетілдіріп отыру;
• Халықаралық, республикалық конференцияларға қатысып отыру;
• Кәсіптік бағдар беру, бітіруші талапкерлерді институтқа тарту мақсатында қала мектептерін, Ақмола облысы, Амангелді, Жангелді, Арқалық аудандары жән көршілес Ақмола облысы аудандарының білім беру мекемелерін аралау
• Институттың имиджін және мұғалім мамандығының деңгейін көтеру мақсатында жарнамалық-ақпараттық қызметті күшейту
Профессор-оқытушылар құрамы
Жалпы саны-9,оның ішінде:
• ғылым кандидаты- 3;
• Магистр-4;
• Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ профессоры-3;
• ҚР БжәнеҒМ ЖОАК бекіткен доценті - 1, Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ доценті – 2;
• Аға оқытушы – 5;
• Оқытушы-1

KB

2017-2018 оқу жылында нөлдік емес импакт-фактор журналына (Scopus) ф.ғ.к.,профессор Б.А Рахметованың «Functions of expressive facilities in heroic epos» ( PONTE international Joumal of Sciences and Research. Vol. 73/ No. 10/ Oct 2017); ф.ғ.к.,профессор Ш.А.Валихановтың «Tne contribution of world literature’s rhymes to foreign language acquisition» (Man In India, Seriais Publications 97 (21) 367-379); қараша айында ф.ғ.к.,профессор А.К.Қалиевтың «Dualistic representations in Kazakh fairy tales» (Man In India, Seriais Publications ) атты мақалалары жарияланды.
2017 жылдың қараша айында ақын, прозаик, драматург, аудармашы Қапан Сатыбалдиннің 100 жылдық мерейтойына орай 2017 жылы Москва қаласының «Жоғары Білім және Ғылым» баспа үйінен жарық көрген «Мен жырлаймын», «Я воспеваю» атты мерейтойлық басылымды құрастыруда автор Наркес Қапанқызы Сатыбалдин қаламгердің шығармашылығын зерттеуші Қ.М.Шакированың ғылыми-зерттеу еңбектеріне сүйенген. Ғылыми басылымның 2-ші бөліміне Қатира Мирамқызының отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған еңбектері енгізіліп, «Катира Шакирова – научный исследователь творчества Капана Сатыбалдина» атты автордың арнайы мақаласы жарияланған және аталған жинақта Қ.М.Шакированың «Суреткер Қапан Сатыбалдин шығармашылығындағы хақында», «Language of Characters as one of the Talented Writer’s Works» атты мақалалары жарияланды. 2018 жылдың сәуір айында Ресей мемлекеті, Москва қаласындағы «Высшее Образование и Наука» Баспа Үйінен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, магистр Шакирова Қатира Мирамовнаның «Қапан Сатыбалдин драматургиясындағы тартыспен характер» тақырыбындағы монографиясы шықты.