

Каненова Гульжихан Тулеубайқызы
Қазақстан тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасы меңгерушісінің м.а.
Тел.: 8 (71430) 7-13-81, ішкі тел: 128
Кафедра АрқПИ-дің басты корпусында орналасқан, 4-қабат, №432 кабинет
Кафедраның міндеттері:
1. 6В01601 «Тарих» және 6В01602 «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары бойынша сапалы жоғары білім беру;
2. Бакалавр дайындаудағы диплом сапасын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру;
3. Жаңа мемлекеттік стандарттар негізінде білім беру мазмұнын модернизациялау, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеру.
Профессор-оқытушылар құрамы:
1 – академиялық профессор (оның ішінде 1 ғылым кандидаты);
12 - аға оқытушы (оның ішінде, 1- академиялық доцент,
11 ғылым магистрі);
1 - оқытушы, (оның ішінде 1 ғылым магистрі).
1-лаборант.
Қысқаша тарихи анықтама
Кафедра институттың ірге тасы қаланған 1972 жылдан бастап, жұмыс істеп келеді. Ол кезде кафедра филология факультетінің құрамында болып жұмыс атқарды. 1992 жылдан бастап «Тарих» мамандығы бойынша мамандар даярланса, 1996 жылдардан бастап тарих бөліміне «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша студенттер қабылдана бастады. 1998 жылдан бастап тарих факультеті құрылып, «Тарих және география», «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандықтары ашылды.
Қазіргі кезеңде күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша 2 және 3 жылдық жеделдетілген «Тарих» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары бойынша білім бакалаврлары даярланады.