

Калимжанова Роза Лаиковна
Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы (PhD)
E-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Тел: 8775912727
Кафедра АрқМПИ 1 ғимаратында, 3 қабат, № 319 кабинетінде орналасқан
Қысқаша тарих мәліметі
Педагогика және психология кафедрасы 1972 ж. институт құрылған алғашқы күннен бастап қызмет атқарады. 2001 ж. бастап педагогика және психология 5В010300 – бағытының мамандығы бойынша мамандарды даярлау бастады. Ұзақ жылдар бойы кафедрада белгілі ғалымдар: ыбырайтанушы А.А.Ламашев, пед.ғалымдарының докторы К.С.Успанов, доцент Т.Р.Нурахметова, А.Б.Балдиков, К.А.Абдрахманов және т.б. жұмыс істеді.
Мамандық ашылғалы бері көптеген педагог – психолог мамандары даярланып, қазіргі кезде ауыл және қала мектептерінде қызмет атқарып жүргендер (Г.Мундыбекова, Н.Хасенов), гимназияда (В.Құрманғалиева), педагогикалық колледжде (Алпысбаева Ж) медициналық колледжде (Байғабылова А), пенициарлық мекемеде (Т.Карасевич), (Бигабылова Н.) Амангелді ауданы Байғабыл ауылындағы жалпы білім беретін мектепте психолог болып қызмет атқарады. Мамандығымыздың түлегі Ажибаева Зияда Арқалық қаласындығы Ш.Уалиханов атындағы мектепте әлеуметтік-педагог болып еңбек етуде. Мамандықтың түлектері: Балтабай Жансая(Абай атындағы ҚҰПУ), Гааг Элона (Челябинск мемлекеттік Университетіне) магистратурадағы оқуларын жалғастыруда.Биылғы 2015-16 жылы мамандығымызды тамамдаған түлектер Қайсар Іңкәр ауыл квотасы бойынша Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел ауылы мектебінде еңбек етсе,мамандық үздіктері Орманбек Айсара мен Әлжанова Әйгерім,Оташева Мейргүл Астана қаласы мектептерінде қызмет жасауда.
Мамандығымыздың студенттері институтішілік іс-шараларға белсенді атсалысады атап айтар болсақ хореографиядан 4 курс студенті А.Тұрдыбек,2 курс студенттері Ж.Байденов пен А.Сағадат қалалық Жас Отан жастар ресурстық орталығымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Аға оқытушы Р.Л.Калимжанова Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде докторантурадағы оқуын жалғастырса, аға оқытушы Т.О.Бондарева ҚазҰПУ докторантурадағы оқуын тамамдап кафедрадағы жұмысын жалғастыруда, оқытушы Балтабай Ж.Б. ҚазҰПУ магистратурадағы оқуын тәмамдап, кафедрадағы жұмысын жалғастыруда.
Педагогика және психология кафедрасы дәстүрлі Алтынсарин оқуларын, Ы.Алтынсариннің туған күні, Ы.Алтынсариннің алғашқы мектебінің ашылуы, Татьяна күні, Наурыз мейрамы, сияқты мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы болып табылады.
Кафедраның міндеттері:
Мақсат: Ғылыми-зерттеу жұмыстар мен ізденістерді өндірістік нысандармен байланыстыра, нәтижелі деңгейге жеткізу.
Міндеті:
1. 2017-2018 жылдарға өндірістік нысандармен жасалған шартты ғылыми жұмыстардың орындауын қадағалау,өндіріске енгізу нәтижелігін 30% жеткізу.
2. ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жетістіктерін оқу-тәрбие тәжірибесіне енгізуді ынталандыру.
3. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысымен қамту(дипломдық жұмысты ескермегенде) - 60% жеткізу.
Профессор-оқытушылар құрамы:
1- педагогика ғылымдарының докторы, профессор
1 - ғыл. кандидат., доцент
11 - педагогика ғылымдарының магистрі
9 - аға оқытушы
2- оқытушы
Кафедра ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
Кафедраның зерттеу тақырыбы:
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беруді жаңғырту жағдайында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау
Конференция және семинарларда кафедраның қатысуы:
• Торғай өңірінің бас қаласы: құрылуы және даму болашағы (Облыстық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 12 шілде 2006 ж.)
• Бағдарлама Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының құрылғанына 35 жыл толуына арналған оқытушылармен студенттердің «Білім мен ғылымның 35 белестері» ғылыми-практикалық конференциясы, 12 сәуір 2007ж.
• «Жаңа әлемдегі Қазақстан және Ұлттық білім беру проблемалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 16-18 мамыр, 2008, Жетісай
• Мұғалім мамандарын дайындау: мәселелері, болашағы және шешу жолдары (Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 16-17 қазан 2006 ж.)
• Тәжірибелік семинар «Отбасы мен білім жүйесіндегі өзара әрекеттесу: мәселелері, жаңа түрлері», Арқалық, ақпан,2009
• Аймақтық конференция «Қазақстандағы зайырлы білім бастауы», Арқалық, қантар, 2009
• Аймақтық конференция «Шараит ул ислам», Арқалық, наурыз, 2009
• Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция «Оқу тәрбие үрдісінің белсенділігін арттыру негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу», Арқалық, мамыр, 2009
• Халықаралық конференция «Қазақстандағы білім және ғылым тарихының ұлттық болмысы», Арқалық, желтоқсан, 2009
• Международная конференция «Текст: теория и методика в контексте вузовского образования» Тольятти, 2008
• 4 Международная конференция, посвященная 50-летию Российского университета дружбы народов, Москва, РУДН, ноябрь, 2009
• 2010 ж. желтоқсан айында педагогика және психология кафедраның ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің 170 жылдығына орай аймақ аралығындағы оқушылар арасында олимпиада өткізілді.
• 2011ж. ақпан айында педагогика және психология кафедраның ұйымдастыруымен «Дружба народов – времен, связующая нить» аттағы дөңгелек үстел өткізілді.
• 2011 ж. наурыз айында педагогика және психология кафедраның ұйымдастыруымен «Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы» әдебиетті кеш өткізілді.
• 2011 ж. тамыз айында педагогика және психология кафедрасының қатысуымен мұғалімдерге және әлеуметтік педагогтарға арналған «Мектеп және отбасы: мәселе, болашақтар» атты семинар өткізілді.
• 2012ж.сәуір айында педагогика және психология кафедрасының қатысуымен «Білім беру жүйесін жаңғыртудағы қазіргі заманғы әдістемелер мен технологиялар», тақырыбындағы «Төлегенов оқулары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
• 2012ж қазан айында педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім-ұлттық адам капиталын сапалы қалыптастырудағы қозғаушы күш» «Алтынсарин оқулары»республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
• 2013ж ақпан айында айында педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Үздіксіз білім беру үдерісінде дарынды балаларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдау»халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
• 2013ж желтоқсан айында «Шағын жинақты мектептердегі жаңғырту-ауылдық мектеп оқушыларының сапалы үдерісін жетілдіру негізі»республикалық білімдарлық форумына кафедра белсене атсалысты.
Кафедраның 3 оқытушысы (Есиргепова В.Ж., Сейдина Б.З., Акылбекова Э.А.) квалификациялық біліктілік көтеру курстарынан өтті («Өрлеу» Ұлттық біліктілікті көтеру орталығы)
• 2014ж наурыз Аңғар негізгі орта мектебі базасында «Мектеп - оқушы шығармашылық әлеуетінің бастауы» бірлескен семинар өтті.
• 2013жылдың 23-24 тамызы аралығында аға оқытушы Мүсірова Г.Б. Алматы қаласында өткен «Технология инклюзивного образования» семинарына қатысып, біліктілігін көтеріп, сертификат алды және осы семинардан алған әсері жайлы қаланың әлеуметтік орталықтарымен,мектептермен «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту жағдайындағы (шарттындағы мұғалимнің педагогикалық түзету әрекеті)» (Наурыз, 2014 ж.) тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
• 2014 жылды сәуір айында кафедраның магистранты Алькуатова А.Л. «Психодиагностика личности в клинических исследованиях» тақырыбында жалпы украиналық психодиагностикалық ассоциацияда дәріс тыңдап сертификат алып шықты.
Ресей, Украина, Қырғыз басылымдарында 3 - Калимжанова Р.Л., Бондарева Т.О., Шаумен Г.С. Барлығы халықаралық конференция жинақтарында 39 мақала жарық көрді.
• 2013 -14 оқу жылы республикалық деңгейдегі өткен конференцияларда 8 мақала жарық көрді.
Кафедра ПОҚ құрамының ғылыми басылымдарының саны мен географиялық аумағы кеңейтілуде. 2013-14 жылы олар 66-тан аса ғылыми мақалаларымен ізденістері әр деңгейлі басылым мен конференциялар жинағында жарық көрді.
• 2013 жылы докторант Шаумен Г.С. SCOPUS базасына енген басылымдарда 1 мақаласы жарияланды. Қазақстан Республикасының ЖАҚ санатындағы журналдарында 10 мақала шықты.
Жыл барысында 4 оқытушының Бижанова Г.К.,Тауекелова А.Е.,Мусирова Г.Б., Акылбекова Э.А. мақалалары нөлдік емес импакт-фактор «Дулатов оқулары-2013» жинағына шықты.
Кафедра оқытушыларының мақалалары ар түрлі деңгейдегі конференция жинақтарында жарық көрді:
Шетелдік, халықаралық конференцияларда – 9, соның ішінде Ахметова П.А.(Чехия, Польша), Бузулуцкая Т.М. (Польша), Тауекелова А.Е. (Чехия), Алькуатова А.Л. (Чехия).
• 2014-2015 оқу жылында кафедра меңгерушісі,аға оқытушы В.Ж.Есиргепова Испания мемлекетінде Валенсия Политехникалық Университетінде біліктілігін көтеріп қайтты
Кафедраның маңызды жариялаулары:
• История образования и педагогической науки Казахстана (ISBN 9965-567-74-3)
Рецензенты: д.и.н., профессор Т.С.Садыков, д.п.н., профессор С.А.Аманжолов; учебное пособие, 200 стр. (Калкеева К.Р.,Ахметова П.А., Алькуатова);
• Қазақстандағы білім және педагогика тарихы (ISBN 9965-567-75-1)
Рецензенттер: т.ғ.д.., профессор Т.С.Садыков, п.ғ.д., профессор С.А.Аманжолов; оқу құралы, 200
бет (Қалкеева К.Р., Ахметова П.А., Бижанова Ғ.Қ.)
• Ы.Алтынсарин тағылымы: кеше және бүгін (ISBN 9965-567-73-5)
Рецензенттер: п.ғ.к., доцент Қалкеева Қ.Р., п.ғ.к., К.Ә.Тлегенова; оқу-әдістемелік құрал, 200 бет (Бижанова Ғ.Қ.)
Кафедраның профессоры Қалкеева Қ.Р. 2 гранттық «Теоретико-методологические основы внедрения в практику учебной дисциплины «История педагогики и образования Казахстана»», «Научные основы медиаобразования» ғылыми жобалар топ құрамында жұмыс жасауда.
Докторант Шаумен Г.С. мынадай тақырыптардағы «Методология дидактической прогностики школьного образования» (Қазақстан педагогика ғылымдарының Академиясындағы ғылыми жоба) және «Профессиональная подготовка педагогических кадров в условиях модернизации образования» (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректорының грантына арналған ғылыми жоба) ғылыми жобалардың топ құрамының мүшесі.
Оқу-әдістемелік жұмыс
Профессорлық-оқыту құрамымен оқу үрдісінің сапасын жақсарту үшін барлық пәндерден жұмыстық бағдарлама және оқу әдістемелік кешендер құрастырылды: педагогика, психология, педагогика тарихы, психология тарихы, педагогикалық психология; бірнеше оқу-әдістемелік құрал және нұсқаулар; әдістемелік нұсқаулар және тәжірибенің жетекшілері; курстық және дипломдық жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар;(кафедра оқытушыларымен - педагогика, психология, спорт педагогикасы, спорт психологиясынан тест жинақтары құрастырылды); базалық және кәсіптік пәндерден бойынша оқу құралдар дайындалған (педагогика, психология, этнопсихология, ыбырайтану, педагогикалық психология)
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы педагогика мен психологиядан оқу жетістіктерін бағалау даярлығына арналған тестілер жинағы және дәріс курстары, ұсыныстар мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеп шығарды.
Келесі оқу-әдістемелік құралдар басылып шығады деп жоспарлануда:
Калкеева К.Р,Ахметова П.А,Алькуатова А.Л,Есиргепова В.Ж. «История развития педагогической мысли в Казахстане» Ч.1электронный учебник, 5В010300 «Педагогика және психология»мамандығы студенттеріне арналған
Есиргепова В.Ж. Практикум по дисциплине «Педагогическое мастерство»оқу-әдістемелік құрал. 5В010300 «Педагогика және психология»мамандығы студенттеріне арналған
Бузулуцкая Т.М. Практикум по дисциплине «Семейная психология» оқу-әдістемелік құрал 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне арналған
Мусирова Г.Б «Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог-психолог жұмысы» оқу-әдістемелік құрал.
5В010300 «Педагогика және психология»мамандығы студенттеріне арналған
Бижанова Г.К.Тауекелова А.Е. «Педагогикадан 1001 тест(студенттерге мемлекеттік аралық бақылауға даярлануға арналған тест жинағы)» оқу-әдістемелік құрал.
5В010300 «Педагогика және психология»мамандығы студенттеріне арналған
5В010300 «Педагогика және психология»мамандығы студенттеріне арналған
Какина Д.Ш. «Студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуда интерактивті технологияларды қолдануды жетілдіру» оқу-әдістемелік құрал 5В010300 «Педагогика және психология»мамандығы студенттеріне арналған
Акылбекова Э.А. «Диагностикалық құрал ретіндегі ертегіні қолданудың жолдары» оқу-әдістемелік құрал .
5В010300 «Педагогика және психология»мамандығы студенттеріне арналған
Шакиров Б.А «Студенттердің оқу үдерісіне бейімделуінің педагогикалық- психологиялық негізі» оқу-әдістемелік құрал .
5В010300 «Педагогика және психология»мамандығы студенттеріне арналған
Тауекелова А.Е. «Оқу үдерісінде студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытудың негіздері» оқу-әдістемелік құрал.
5В010300 «Педагогика және психология»мамандығы студенттеріне арналған.
Кафедраның жаңалықтары
Жаңа оқу жылында кафедраның мақсатты грант негізінде білім алған студент Балтабай Ж.Б., Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ магистратурасын сәтті аяқтап кафедрада жұмысын жалғастыруда. Аға оқытушы Бондарева Т.О. PhD докторлығын желтоқсан айында қорғамақшы.
Кафедраның оқытушыларына сәттілік тілейміз!