Корпоративтік оқиғалар

Корпоративтік оқиғалар
• 01.07.2020 ж.
o Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты»коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» 2020 жылғы 28 мамырдағы № 326 бұйрығы негізінде 2020 жылдың 30 маусымында «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналу арқылы қайта құруды аяқтады


• 10.08.2020 ж.
o «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алғаны туралы хабарлайды, ол туралы 2020 жылдың 10 тамызында №KZ85VGZ00000314 бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілді. Шығарылым 1 214 694 (бір миллион екі жүз он төрт мың алты жүз тоқсан төрт) жай акцияларға бөлінген, оларға KZ1C00014075 халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) берілген. Бір акцияның номиналды құны 1 000 (бір мың) теңге


• 23.09.2020 ж.
o Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйегіндегі «Кейбір коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мәселелері туралы» № 408 бұйрығымен «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 6 (алты) мүшеден тұратын Директорлар кеңесінің құрамы анықталды.
Директорлар кеңесіне сайланды:
Тойбаев Әділет Жүнісұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры
Иванова Анна Олеговна – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Меншіктің мемлекеттік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия басқармасының басшысы
Қожақова Жанат Хасенқызы – «Арқалық қаласының білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары
Малғаева Алена Сәрсенбайқызы – Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары
Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы – «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары білім мектебінің қосымша білім департаментінің директоры, тәуелсіз директор
Мусин Дамир Маратұлы – «Kazakh Invest» ҰК АҚ жобалық қаржыландыру жөніндегі директоры, тәуелсіз директор


• 01.10.2020 ж.
o Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 01 қазандағы шешімімен (№1 хаттама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Жүнісұлы Тойбаев Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды


• 05.10.2020 ж.
o Директорлар кеңесінің 2020 жылдың 01 қазандағы шешіміне сәйкес (№1 хаттама) «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы – Ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

 

• 23.11.2020 ж.
o Абдрахман Рашид "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" КЕАҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы болып тағайындалды (23.11.2020 жылғы №3 хаттама)

 

• 30.11.2020 ж.
o Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 30.11.2020 жылғы №145-жқ бұйрығымен Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректоры болып тағайындалды.