Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ТАРИХЫНЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ

1970

  • 1972-1975
  • 1972
  • Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің №220 қаулысына сәйкес Торғай облысының орталығы Арқалық қаласында Арқалық педагогикалық институт құрылды.
  • Институтта тұңғыш физика-математика факультеті ұйымдастырылды.
  • Факультетте жоғарғы математика, алгебра және геометрия, информатика және математиканы оқыту әдістемесі, жалпы физика, теориялық физика кафедралары құрылды.
  • «Марксизм - ленинзм» кафедрасы құрылды.
  • 1973
  • Филология және сырттай оқыту факультеті ашылды.
  • 1975
  • Орыс тілі, орыс және шетел әдебиеті кафедрасы құрылды.
  • 1972-1975
  • 1976-1977
  • 1976-1977
  • 1976
  • Қазақстандағы білім-ғылым бағытындағы алғашқы Ы.Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық мұражайы ашылды. «Ы.Алтынсарин мұражайының» ашылу салтанатына ақын, жазушы, Ы.Алтынсариннің ұрпағы М.Хәкімжанова қатысты.
  • Елімізде танымал, жыл сайын өтетін дәстүрлі «Ыбырай оқулары» бастау алды.
  • 1977
  • Химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР ҒА-ның коррреспондент мүшесі, Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Б.А.Бірімжанов институтта болып, бірнеше еңбектерін мұражай қорына табыстады.
  • Осы жылдың 7 шілдесіндегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің және Қазақстан Министрлер Кеңесінің №325 қаулысына сәйкес институтқа ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин есімі берілді.
  • 1978
  • «Дене тәрбиесі» кафедрасы құрылды
  • Осы жылы композитор Әсет Бейсеуов, ақын Олжас Сүлейменов институт қонақтары болды.
  • 1978

1980-1990

  • 1981-1994
  • 1981-1994
  • 1982
  • «Химия және биология» кафедрасы құрылды.
  • 1983
  • «Көркем сурет» факультеті құрылды.
  • 1989
  • Халыққа білім беру министрі Ш.Шаяхметов институтта болып, мұражай ұжымына алғысын білдірді.
  • Музыкалық-педагогикалық бөлім ашылды.
  • 1992
  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультеті құрылды.
  • 1994
  • «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы ашылды.

2000

  • 2002-2007
  • 2002
  • Институттың 30 жылдық мерейтойы аталып өтті.
  • 2005
  • ҚР Мәжіліс депутаты К.Ә.Сағадиев институтта болды.
  • ҚР Премьер-министрі Д.К.Ахметов ЖОО-ның материалдық базасымен танысты.
  • ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджанов институт ұжымымен кездесті.
  • 2006
  • Институттың алғашқы ректоры, т.ғ.д., профессор М.О.Төлегенов атындағы дәрісхана ашылды.
  • 2007
  • «Тарих және өнер» факультеті құрылды.
  • 2002-2007

2010

  • 2010-2013
  • 2010-2013
  • 2010
  • Жаратылыстану табиғи-тарихи мұражайы ашылды.
  • 2012
  • Иституттың 40 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде аталып өтті.
  • 2013
  • ҚР Білім және ғылым министрі С.Б.Саринжипов институтта болып, инситут тынысымен танысты.
  • 2016-2019
  • 2016
  • Әулие Кирилл және Мефодий университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Ян Данек институтта болып, студенттерге дәріс оқыды.
  • 2017
  • Словакия елінен келген PhD докторы Ева Сметанова институт қонағы болып, дәріс оқыды.
  • «Бабалар жолымен» атты автомобиль экспедициясының жетекшісі, жиһанкез С.Искаков институт қонағы болды.
  • 2018
  • «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі өз жұмысын бастады.
  • 2019
  • «Робототехника» аудиториялық кешені ашылды.
  • 2016-2019

2020

  • 2021
  • Физика және математика кафедрасында Фазылхан Бәйімбетұлына арналған дәрісхана ашылды.
  • Ақпараттық-технологиялар орталығы ашылды.
  • 2021
Басына оралу