ББ сипаттамасы

«6В01502 – Физика»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: пән саласында және орта білімнің жаңартылған мазмұны жағдайындағы оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері аясында білікті физика пәнінің мұғалімін дайындау.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- жалпы, теориялық физика заңдылықтарын, аспан денелерінің табиғатын біледі, құбылыстар мен процестерді талдай алады;
- зертханалық жабдықпен жұмыс жасау, жұмыс нәтижесін есептеу, физикалық есептерді шешу, математикалық есептеулер жүргізу дағдыларына ие болады;
- орта білімнің жаңартылған мазмұны, инклюзивті білім беру жүйесі, критериалды бағалауды жетік меңгерген;
- цифрлық білім беру ресурстарын қолдану, компьютерлік модельдеу, микропроцессорлық жүйелерді талдау дағдыларын көрсетеді, бағдарламалау тілдерін меңгерген;
- орта білім берудің нормативтік – құқықтық базасы мен білім беру саласындағы ҚР ұлттық саясатының үрдістерін біледі;
- білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ата – аналарымен жұмыс барысында психология мен педагогиканың теориялық негіздерін қолданады, оқу – тәрбие жұмысын жоспарлап жүргізе алады;
- кәсіби сала бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе алады;
- кәсіби тілдік қарым – қатынастың қажетті деңгейіне ие.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502