Халықаралық ынтымақтастық 2014 жыл

Институттың халықаралық қызмет бағытында негізделген Болон декларация қағидаларын жүзеге асырушы болып табылатын: халықаралық академия мен ғылыми тұтастықты (ұтқырлық) дамыту, білім беру бағдарламасында экспорт пен импортты дамыту үшін қажетті алғы шарттар жасау, халықаралық ұйымдар мен шетелдік білім орындарымен байланысты қалыптастыру және дамыту. Халықаралық академия мен ғылыми тұтастықты (ұтқырлық) дамыту. Братислав қаласындағы (Словакия) Яна Амоса Коменский атындағы университетпен ынтымақтастық туралы келісім шарт аясында 2014-2015 оқу жылының 1 семестрінде « шет тілі: екі шет тілі» мамандығындағы 2 студенттің оқып келуі жоспарлануда. «Қазақ, орыс және шет тілдерінің практикалық курс» кафедрасының оқытушысы Н.Х.Мукашева АҚШ Дэвис қаласындағы университетте магистрлік оқуын жалғастыруда.

Халықаралық ұйымдар мен шетелдік білім орындарымен байланысты қалыптастыру және дамыту. Болон декларациясының қағидасына сәйкес 2013-2014 оқу жылы ғылыми-педагогикалық ынтымақтастық туралы келісім шарттар жасалды. Бұл Халықаралық менеджмент және технология Академиясы (INTAMT) (Германия), «Еуразиялық Академия» (Словакия, Братислава), осының аясында Трнавадағы Мефодия (Словакия) және Әулие Кирилл университеті, Братислав қаласындағы (Словакия) Яна Амоса Коменский атындағы университет. 2011 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты Еуропалық Одақтастық қаржыландыру мен қолдауындағы Темпус жобасындағы 15 Қазақстандық серіктестердің бірі болып отыр. Темпус –бұл әр өңірдегі жоо мен ЕО университеттер ынтымақтастығы арқылы жоғары білімді жетілдіру бағытындағы ЕО бағдарламасы. 

Бағдарламаның негізгі мақсаты-Лиссабон конвенциясы және Болон үрдісінің қағидаларымен жоғары білім беруді алға жылжыту, ЕО-тағы жоғары білім беру жүйесі мен көрсетілген өңірдегі жоғары білім беру жүйесін жақындастыруға және үйлестіруге қолғабыс болу. Темпус –СТУДИК жобасының басты мақсаты- университет қабырғасында маңызды рөл атқарып, белсенді саясаткер болатындай және өзінің ұйымдастыру мүмкіндігін көрсете білетін таңдаулы өкілдерден құралған, Қазақстандағы тәуелсіз студенттер одағын құру. 2014 жылдың басында институт СТУДИК-Темпус жоба аясында Вена қаласы (Австрия) Агрикультур университетінде және Дрезден қаласының (Германия) Техникалық университет базасында өткізілген «Студенческое самоуправление и демократическое участие в Казахстане» тақырыбында семинарға қатысты. Өткізілген семинар барысында жоба қатысушылары Еуропа жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару жүйесімен таныс болды. Вена қаласы (Австрия) Агрикультур университеті және Дрезден қаласының (Германия) Техникалық университетінің студенттері қазақстандық жоғары оқу орындары және соның ішінде Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты үшін жақсы тәжірибелік көрсеткіш бола алады.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502