2020-2021 оқу жылы бойынша конкурстар, гранттар

ЖОО ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру түрлі республикалық конкурстарға табысты қатысуға мүмкіндік береді.
2012 жылдан бастап АрқПИ оқытушылары жыл сайын "ЖОО-ның үздік оқытушысы" байқауына қатысып, "ЖОО-ның үздік оқытушысы"атағына ие болды.
Биыл байқауға екі оқытушы қатысады. Бұл Р. Е. Жандильдина, М. Н.Оспанбекова. ЖОО ішкі комиссиясының шешімі бойынша екі үміткер республикалық кезеңге өтті.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қараша айында Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының "Стартап-2021" студенттік бизнес-жобалар байқауы басталды.
Байқау Студенттердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, оларды кәсіпкерлік қызмет негіздерімен таныстыру, студенттерді инновациялық және ғылыми-практикалық қызметке тарту мақсатында өткізіледі.
Байқау жеңімпаздары қаржылай сыйақымен марапатталады.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502