Ғылыми-зерттеу орталығы

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі – ҒЗО) «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ-ң (бұдан әрі – институт) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
ҒЗО өз қызметін тікелей және институттың басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асырады.
Орталықты құрудың мақсаты – институттың бірыңғай ғылыми саясаттың стратегиялық бағыттарына негізделген ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу, білім беру және мәдени әлеуетін нығайтуға бағытталған халықаралық байланыстарын қамтамасыз ету.
Орталық жүзеге асырады:
- ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізу үшін институттың құрылымдық бөлімшелерінің, студенттік ғылыми қоғамдардың, ғылыми секциялардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
- халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу үшін институт бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;
- шетелдік мекемелермен және ұйымдармен өзара әрекеттесу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін іздеу;
- институтта академиялық ұтқырлықты дамыту және қолдау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.

ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Орталық басшысы:
Байсеитова Жанар Байсеитовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)
Ғылыми қызметкер:
Әкіміш Дина Егімбайқызы – педагогика ғылымдарының магистрі

БАЙЛАНЫС:
Телефон: 8 (71430) 7 24 88, 125 (внутр)
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Әуельбеков к., 17, каб. 318

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502