Студенттік ғылым 2014 жыл

Студенттердің ҒЗЖ дайындықтарын тұлғалық білім нақты қызметке уәждемелі-құндылық қарым-қатынасты қоса отырып, жеке тұлға жағдайын субъект ретінде анықтайды, әдіснамалық білім жүйесін және зерттеу икемділігін кәсіби-педагогикалық тапсырмаларды шешуде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі түрлері жеке жобалар мен ұжымдық іс-шаралар, кафедралардағы ғылыми іс-шаралардың ұйымдастырлуы, ғылыми студенттік үйрмелер болып келеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбын қалыптастыру қазіргі педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері бойынша кафедралар қызметі және ғылыми бағыттарымен байланысты, сондай-ақ студенттерді өзіндік бастама алған тақырыптарын орындауға тарту арқылы жүзеге асырлады. Қазіргі таңда белгілі бір өзіндік бастау алған тақырыптар бойынша жұмыс әр түрлі байқаудағы ғылыми жобалар, студенттермен бірге ғылыми мақала дайындау түрінде іске асырлады.

Институт кафедраларында 206-студентті қамтитын, яғни жалпы күндізгі бөлім студенттер контингентінің 16% құрайтын 11 ғылыми және күрделі топ істе олар: «Лингво», «Тезаурус», «Химия және өмір», «Биология –тіршілік көзі», «География және экология», «Өркен», «Алгорифм», «Ізденіс», «Паскаль» «Архимед», «Тарих, құқық және қоғамдық пәндер кафедрасының жанындағы студенттік ғылыми үйірмесі».

Үйірмеде жоспарланған 2013-2014 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу бойынша жұмыс іс шаралары өткізілді, нәтижелер бойынша арнайы портфолия бар. Оқу орын ішінде ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциялары өткізіліп, пән бойынша олимпиада, ғылыми және шығармашылық жоба, реферат байқаулары ұйымдастырылуда. СҒЗЖ-ның жоспар бойынша есеп беру мерзімінде 42- ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік іс шаралар өткізілді (қосымша 6). Осы жерде ХБГ кафедрасының тәжірибедегі жақсы жағын ерекше атап өтуге болады. Институт ПОҚ мен студенттері «G-Global»жоба жұмысына қатысуларын жалғастыруда. ПОҚ мен студенттерге бұл жобаға қатысу-әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, демографиялық және басқа да мәселелер бойынша пікірталас, интерактивті, ашық және көпшілік талқылаулар үшін көп мүмкіндік береді. Жоба бойынша бекітілген іс-шара жоспары толығымен орындалды. Жоспар көбіне, Қазақстан тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасының базасымен жүзеге асырылды. 

Оқу орынның ПОҚ «Тарих ағымындағы халық» тарихи зерттеу бағдарламасын жүзеге асыруға белсенділік танытуда, оның мақсаты: 

- алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме базасында Қазақстанның тарих ғылымы сапалы орында болу үшін жағдай жасау: 

- қазақтардың ұлттық тарихының ой-өрісін кеңейту, ұлттық жаңа тарихи көзқарас қалыптастыру;

- Қазақстанның жаңа тарихындағы екі онжылдықты ұғыну;

Оқу жылының басында төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

- Оқу орын «e-history» порталында тіркеу және портал тарауларын әрдайым толықтырып отыру.

- Бұл бағыттағы жұмыстар да Қазақстан тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасының базасымен жүзеге асырлады.

Жастардың ғылыми-зерттеу ісіне деген қызығушылықтың өсу беталысы студенттік ғылыми конференцияларға қатысу барысында көрінуі қажет. Олардың нәтижелері жыл сайынғы студенттік ғылыми конференцияда баяндалады, жергілікті және республикалық баспасөз беттерінде жарияланады. Сондай-ақ, ПОҚ –дағы жағдай сияқты өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы оқу жылында студенттердің де басылым көрсеткіші едәуір төмендегені байқалады. 2013-2014 оқу жылында студенттер мен ПОҚ-ның бірлескен (көлемі 40,07 б.б.) 207 басылым құрады.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502