Конференциялар 2016-2017 оқу жылы

Арқалық қаласының 60 жылдығы және Қостанай облысының 80-жылдығына арналған

"АЙМАҚТЫҚ ДАМУДЫҢ ҚАЗІРГІ ҮРДІСТЕРІ" атты аймақаралық ғылыми-теориялық конференция

Konferenciya2016 жылдың 16 қыркүйегінде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Арқалық қаласының 60 жылдығы және Қостанай облысының 80-жылдығына арналған «Аймақтық дамудың қазіргі үрдістері» тақырыбында аймақаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция ұйымдастырушылары–Арқалық қаласының әкімшілігі, Ы. Алтынсарин атындағы АрМПИ. Конференция модераторы – геог.ғылымдарының докторы, профессор, Ы. Алтынсарин атындағы АрМПИ ректоры С.Б. Қуанышбаев.

Конференция Қостанай облысының аймақтық дамуының көкейкесті мәселелері арналған болатын. Конференция барысында Арқалық қаласы және аймақтың тарихи даму аспектілері, әлеуметтік-демократиялық рейтинг, экономикалық, мәдени және тарихи аспектілерінің даму келешегі, аймақтық дамуда педагогикалық жоо-ның рөл қарастырылды.

Конференцияға қатысуға аймақтың белгілі қайраткерлері, ғылыми қоғамдастық мәдениет саласының, бизнес және коммерциялық емес ұйымдардың, Қостанай облысы, Арқалық қаласының мемлекеттік билік органдарының, педагогикалық қоғамдастық өкілдері шақырылды.

Баяндамаларымен ортаға шыққандар: Маканов Ж. К.- Ресей жаратылыстану академиясының профессоры, тех.ғ.к.; Аймағамбетов Р. –Ы.Алтынсарин атындағы АрМПИ тарих және өнер факультетінің деканы; Романенко В.Ф.–Арқалық қаласы ТБКБ бас инженері; Гапбасов Ж. Г. – Арқалық қаласының ардагерлер Кеңесінің төрағасы; Ахметова П. А.– Ы.Алтынсарин атындағы АрМПИ мұражай директоры; Гачкайло С. И. - ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері.

Конференция соңында "Арқалық-60" кітабының және "Еңбегі еселенген Аркалык" деректі фильмінің тұсаукесері өтті.Институтта конференция аясында келген қонақтарға аймақтың шығармашылығы, даму тарихы таныстырылған тақырыптық көрме ұйымдастырылды: "Арқалығым – шалқар жырым таусылмас", "Город в объективе", "Арқалық тарихы".

Konferenciya 2

Konferenciya 3 Konferenciya 4

Konferenciya 5

Konferenciya2016 жылдың 20 қазан күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Ыбырай оқулары – 2016: Ы.Алтынсарин – Қазақстандық зайырлы білім жүйесінің басты тұлғасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізілді. 2016 жылдың 20 қазан күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Ыбырай оқулары – 2016: Ы.Алтынсарин – Қазақстандық зайырлы білім жүйесінің басты тұлғасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізілді. Конференцияның салтанатты ашылуы Ы.Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Konferenciya 4

Алғаш рет конференцияға Словакия елінің Трнава қаласындағы Кирилл және Мефодий Университетінің профессоры, PhD докторы Ян Данек қатысты.

Konferenciya 2

Бұл шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры Мухамедханова Алмагүл Кенесханқызы, Орта білім институты жаратылыстану-математикалық білім зертханасының меңгерушісі Шуиншина Шолпан Мырзақасымқызы, Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі Серікбай Оспанов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары Қалкеева Қамарияш Райханқызы, Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы, Албытова Назымгүл Пышақбайқызы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымы Аймақов Оразхан Аймақұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің, Джангельды, Амангельды, Арқалық қаласының басышылары және мұражайлар өкілдері, аймақтағы Ы.Алтынсариннің төсбелгісімен марапатталған, сонымен қатар қаланың білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамы қатысты. Бұл шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры Мухамедханова Алмагүл Кенесханқызы, Орта білім институты жаратылыстану-математикалық білім зертханасының меңгерушісі Шуиншина Шолпан Мырзақасымқызы, Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі Серікбай Оспанов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары Қалкеева Қамарияш Райханқызы, Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы, Албытова Назымгүл Пышақбайқызы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымы Аймақов Оразхан Аймақұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің, Джангельды, Амангельды, Арқалық қаласының басышылары және мұражайлар өкілдері, аймақтағы Ы.Алтынсариннің төсбелгісімен марапатталған, сонымен қатар қаланың білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамы қатысты.    Конференцияның пленарлық мәжілісінде кең көлемде ғылыми және кәсіби тәжірибелермен алмасу, Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің қызметі мен білім беру жүйесіндегі рөлі туралы ой пікірлер ашылған. Ы.Алтынсарин мұражайының жаңартылған мазмұнының, «Ағартушының ізімен» бейне курстың презентациялары өткізілді.

Konferenciya 3 Konf 25

Konf 26

Konf 27

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502