Білім беру гранты негізінде

Қабылдау процесі
Білім беру гранты негізінде оқуға түсу

 I кезең – Тіркелу және ҰБТ тапсыру

Оқуға түсуші ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 2023 жылғы 28 сәуірден бастап 14 мамырға дейін https:https://app.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша онлайн өтініш береді. Осы кезеңде 2 (екі) рет тестілеуге қатысу үшін өтініш беруге мүмкіндік беріледі. ҰБТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/ сілтемесі бойынша алуға болады.

II кезең – Психометриялық емтихан тапсыру

Білім алушыларды оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының кез келген педагогикалық институтында тапсыруға болатын психометриялық емтихан нысанындағы арнайы емтихан нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. 
Психометриялық тестілеу «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» нысанында бағаланады.
Психометриялық тестілеудің нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
Психометриялық тестілеуден өту нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнайы емтихан тапсыру орнына қарамастан, педагогикалық университеттерге ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді көшірме беріледі.
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында» КеАҚ-да психометриялық емтиханды тіркеу кестесі мен тапсыру мерзімдері ЖОО-ның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Психометриялық емтиханнан өту үшін талапкер «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында» КеАҚ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

  1. жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  2. 3 x 4 см өлшеміндегі 2 фотосурет;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. ҰБТ сертификаты (бар болса);
  5. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

III кезең – Білім беру грантын беру конкурсына қатысу

Жоғары білімнің білім беру грантын беру және (немесе) ақылы оқуға қабылдау конкурсына ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 70 балл жинаған тұлғалар жіберіледі. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл алуы қажет. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар қатыса алады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін талапкер ағымдағы жылғы 13-20 шілде аралығында институтқа өтініш береді. ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген өтініш пен құжаттар топтамасын берелген құжаттарды тапсырады.
Республикалық немесе жергілікті бюджет (әкімдіктердің гранттары) есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер ағымдағы жылдың 5-10 тамызы аралығында өтініш береді.

IV кезең – Институтқа білім алушылар қатарына қабылдау

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат/ диплом) (түпнұсқа);
2) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және 2 көшірмесі);
3) ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);
4) 3 x 4 см, өлшемдегі 4 фотосурет (аты-жөні мен мамандығын жазып қиып, қол қойыңыз);
5) 075-У үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У үлгідегі көшірме (егу картасының көшірмесі);
6) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді (баспа түрде шығару);
7) басым құқықты растайтын құжат:

  • "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар,
  • патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар,
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар,
  • тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;

8) басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар:

  • медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар,
  • басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер,
  • ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар,
  • жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын,
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары,
  • кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар,
  • кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар,
  • бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар.

9) тіркеу куәлігі (ұлдар үшін, көшірмесі);
10) Конверт (қағаз түрдегі) 11х22см А4;
11) Қағаз түріндегі папкасы.
*1,2,3, 6, 7, 8-тармақтарда көрсетілген құжаттар электронды түрде электрондық поштаңызда сақталуы тиіс.

Оқуға қабылдау кезінде жоғарыда аталған құжаттармен бірге қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. Институт Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;
  2. білім беру грантын беру туралы куәлік;
  3. білім беру қызметтерін көрсету туралы келісім шарт.
Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502