Ғылыми кеңес хатшысы

Galymzhanova

Ғалымжанова Зауре Тойшыбекқызы

Ғылыми кеңес хатшысы

АрқПИ-ның бас ғимараты, 2 қабаттың сол жақ қанаты 210 кабинет.
Ғылыми хатшының лауазымдық міндеттері

Ғылыми хатшы міндетті:

  • Әр оқу жылының соңында, Ғылыми кеңес төрағасының, оның орынбасарының, проректорлар, кафедра меңгерушілері, Ғылыми кеңестің басқа мүшелерінің ұсыныстарын есепке ала отырып, келесі оқу жылына Ғылыми кеңестің жұмыс жоспарын құруға. Жоспар Ғылыми кеңес төрағасымен келісіледі және Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітіледі.
  • Ғылыми кеңестің жұмыс жоспары мен шешімдерінің уақытылы және сапалы орындалуының бақылауын ұйымдастыруға.Ғылыми кеңес мәжілістерін өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға:
  • Ғылыми кеңес мүшелерін және мәжіліске шақырылған тұлғаларды (бөлім басшылары) мәжіліс өтетін күні, уақыты, күн тіәртібі туралы хабардар етуге;
  • Ғылыми кеңес мәжілісінде қаралатын сұрақты дайындайтын комиссия құрамын іріктеп, Ғылыми кеңес төрағасына ұсынуға. Ғылыми кеңес төрағасына баяндама мәтінін, қаралатын сұрақ жөніндегі комиссия анықтамасын және баяндамашы мен комиссия дайындаған Ғылыми кеңес қаулысының жобасын тапсыруға.

Ғылыми кеңес мәжілісі барысында:

  • мәжіліске қатысып отырған тұлғаларды (Ғылыми кеңес мүшелері және шақырылғандар) тіркеуге және Ғылыми кеңес төрағасына кворум туралы ақпарат беруге;
  • дайындауға және мәжіліске қатысып отырған барлық Ғылыми кеңес мүшелеріне қол қойдыртып (қатысу парағында - өз тегінің қарсысында) бір бюллетеньнен (жасырын дауысқа салынатын әр сұрақ бойынша) таратуға;
  • нақты қаулы қабылданғанда ашық дауыс беруге қатысқан Ғылыми кеңес мүшелерінің дауыстарын есептеуге;
  • Ғылыми кеңес мәжілістерінің хаттамаларын жүргізуге.
  • Конкурстық комиссияға, диссертациялық кеңестерге, институт Ғылыми кеңесіне, ҚР ЖАК-сына тапсырылатын оқытушылардың ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар тізімінің құрастыру дұрыстығын тексеруге және растауға.
  • Ғылыми кеңес қаулыларын жүзеге асыру мақсатында 7 күн ішінде мәжіліс хаттамаларынан қажетті көшірмелерді дайындап, институт құрылымдық бөлімдеріне, орындаушыларға қолма-қол жіберуге, сонымен қатар ректордың сәйкесті бұйрықтарының жобаларын дайындауға.
  • Ғылыми кеңес құжаттарын іс-қағаздарын жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізуге, оның сақталуы мен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге.
  • Институт ұжымының жалпы жиналысын ұйымдастырып өткізуге: құрылымдық бөлімдереде сайланған делегаттар тізімдерін жинауға;
  • Ғылыми кеңестің жаңа құрамын сайлау жиналысын өткізетін комиссия құрамын қалыптастыруға; делегаттарды тіркеуге, дауыс беру бюллетеньдерін дайындауға;
  • жиналыстың техникалық персоналын қалыптастыруға және есеп комиссиясы құрамына, жиналыс регламентына ұсыныс жасауға; оның хаттамасын жүргізуге, іс-қағаздар жүргізу ережелеріне сәйкес құжаттарды сақтауға және мұрағатқа тапсыруға.
  • Институт сайтына енгізілетін Ғылыми кеңес қызметі туралы ақпарат дайындауға
  • Ғылыми кеңес төрағасы заңнамаға, институт Жарғысына, Ғылыми кеңес туралы Ережеге қайшы келмейтін басқа да міндеттерді ғылыми хатшыға жүктеуге құқылы.
Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502