ББ сипаттамасы

«6В01510 – Химия және биология»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: кәсіби білікті химия және биология мұғалімдерін даярлау.
Міндеттері:
- химиялық және биологиялық ғылымдар саласы бойынша кәсіби қызметте қажетті іргелі білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру;
- химия-биологиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттерін түсінуге құзыретті, кәсіби білікті және жеке жетістіктерге қабілетті мұғалімдерді даярлау;
- инновациялық педагогикалық идеяларды тарататын болашақ химия және биология мұғалімдерін тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- биология мен химия бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды кәсіби ортада таратады
- оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыруда зертханалық құрал-жабдықтар, қондырғылар, материалдармен жұмыс жасау дағдыларын көрсетеді, академиялық сауатты эксперименттік және есептік мәліметтерді бағалайды;
- оқыту әдістемесі, тиімді оқыту мен оқу, инклюзивті білім беру қағидаларын, бағалаудың өлшемдік технологияларын, кәсіпкерлік негіздерін тиімді анықтайды және практикалық қолданады;
- оқыту мен оқу процесінде, табиғи процестерді модельдеуде цифрлық технологиялар мен дидактикалық құралдар (оның ішінде АКТ) саласындағы жаңа жетістіктерді белсенді интерпретациялайды;
- академиялық және кәсіби мақсаттар үшін білім беру ортасындағы тілдерді қолданады, жазбаша және ауызша тілдік қарым-қатынасты басқарады;
- білім беру және тәрбиелеу үрдісін бағалайды, әлеуметтік, гуманитарлық және тарихи-өлкетану ғылымдардың негізгі құралдарын сауатты пайдаланады;
- жаңартылған мазмұнда орта білім берудің нормативтік-құқықтық базасын, білім беру саласындағы ҚР ұлттық саясатының үрдістерін талдайды, оқу-бағдарламалық құжаттарды қисынды ажыратады;
- педагогикалық және психологиялық білім мен шеберлік негіздерін қолданады, сынып ұжымында оқу процесі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде оқушылардың жас ерекшелігіне сай салауатты, қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастырады;
- эксперименталды және жобалық іс-шараларды ұйымдастыру және зерттеу, білім алушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мен дамыту жолдарын сыни тұрғыдан таңдайды.

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502